Амангелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Амангелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуының оңтайлы мерзімі болып 2009 жылдың мамыр айының 15-і, ал аяқталуының оңтайлы мерзімі болып 2009 жылдың мамыр айының 31-і белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі инспекция комитетінің Аманкелді аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________________ Р. Қақанов