Бестамақ ауылының көшелерін қайта атау және жаңа көшелерге атау беру туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Бестамақ ауылының көшелерін қайта атау және жаңа көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бестамақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бестамақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бестамақ ауылының төмендегі көшелерінің атаулары:
«Магистральный» көшесінің атауы – «Есет батыр» көшесі деп;
«Центральный» көшесінің атауы – «Бөкенбай батыр» көшесі деп;
«Железнодорожный» көшесінің атауы – «Темір жол» көшесі деп өзгертілсін.
Бестамақ ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі жаңадан құрылған көшелерге төмендегідей атау берілсін:
№ 1 көшеге – «Жеңіс» көшесі;
№ 2 көшеге – «Достық» көшесі.
Тармақ 2
2. Бестамақ ауылдық округі әкімінің 13 наурыз 2009 жылдағы № 14 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.