Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Бадам ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Бадам ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5) тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бадам ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 200 гектар жер телімі алынып, Бадам ауылының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 200 гектар жер телімі қосылып, Бадам ауылының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.