Қолданыстағы ред. 08.04.2009

Көшеге ат қою туралы от 08.04.2009 г. № 3 (Көшеге ат қою туралы)

0

Көшеге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2009 жылғы 1 сәуірдегі жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Шытты ауылындағы Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм бағытындағы жолдың батысындағы аты жоқ көше Нәлібек Имаханбетұлы Нұрқұлов көшесі деп аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Қ.Ембергенге жүктелсін.

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.