Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Салық мөлшерлемелері: жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері 20 пайызға; елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері 50 пайызға; елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 16 «Жер салығының базалық ставкасы туралы» (2008 жылғы 8 қаңтарда Байғанин аудандық әділет басқармасында № 3-4-46 болып тіркелген, аудандық «Жем-Сағыз» газетінің 23 қаңтар 2008 жылғы № 3 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.