О внесении изменений и дополнений в Положение о выдаче банкам согласия на участие в уставном капитале организаций, осуществляющих профессиональную деятельность на рынке ценных бумаг Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келісім беру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екі апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 4 қазандағы N 326 қаулысымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру ережелерi".
Тармақ 2
2. Мәтiн бойынша "Осы Ереже", "Осы Ережеде", " осы Ереженiң" деген сөздер тиiсiнше "Осы Ережелер", "Осы Ережелерде", " осы Ережелердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. I бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:"1-бөлiм. Жалпы ережелер".
Тармақ 4
4. II бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2-бөлiм. Банктердің кәсiптiк қатысушылардың жарғы капиталына қатысуына келiсiм беру тәртiбi".
Тармақ 5
5. III бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "3-бөлiм. Банктiң кәсiптiк қатысушылардың жарғы капиталына қатысу ерекшелiктерi".
Тармақ 6
6. 3.1. тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 7
7. ІY бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "4-бөлiм. Қорытынды ережелер".
Тармақ 8
8. 1.1 - 4.2 деп белгiленген тармақтар 1 - 13 деп ауыстырылсын.
Тармақ 9
9. 2.1., 2.2. және 2.4. тармақтардың әрiптермен белгiленген тармақшаларының номерлерi жақшаға алынған араб сандарымен белгіленсiн.