О внесении изменений в некоторые постановления акимата Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213–1 Заңы 36-бабының 4-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. “Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Қағидаларын бекіту туралы” 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 наурыздағы № 5-2-30 болып тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15 “Семипалатинские вести” және 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15 “Семей таңы” газеттерінде жарияланған) және “Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Қағидаларын бекіту туралы” 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыға өзгеріс енгізу туралы” 2008 жылғы 19 маусымдағы № 684 қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 1 тамыздағы № 5-2-94 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 “Семипалатинские вести” және 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 “Семей таңы” газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауында және қаулының бүкіл мәтінінде “Қағидалар”, “Қағидалардың”, “Қағидалармен” деген сөздер “Нұсқаулық”, “Нұсқаулықтар”, “Нұсқаулықпен” деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.