Әлеумекттік көмек көрсету туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеумекттік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы "Аманкелді ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-86 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2009 жылғы 02 қаңтардағы № 2 санында жарияланған) № 82 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
Тармақша 2
2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
Тармақша 3
3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 2 есе көлемінде;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 1273 теңге көлемінде;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға сый ақы әр адамға 10000 теңге көлемінде;
Тармақша 6
6) Дербес зейнеткерлерге біржолғы көмек жылына бір рет 30000 теңге көлемінде;
Тармақша 7
7) Аудан рыногындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiне жоғарғы оқу орындарында студенттерге оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек жоғары оқу орындарының анықтамасы негізінде;
Тармақша 8
8) Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерін алып кетудің 20 жылдығы құрметіне Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатынасушылардың әрқайсысына 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақ 2
2. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.
Тармақ 3
3. Төмендегілер белгіленсін:
Тармақша 1
1) Құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалуына немесе тағайындалмауына уәкілетті орган шешім шығарады;
Тармақша 2
2) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне, егер бала қайтқан уақытында жұмысқа жарамды әкесі (қорғаншы және қамқоршысы) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болған жағдайда ғана тағайындалады;
Тармақша 3
3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;
Тармақша 4
4) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейінгі жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 1273 теңгеден тағайындалып, төленеді;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға сый ақы әр адамға 10000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;
Тармақша 7
7) Дербес зейнеткерлерге біржолғы көмек 30000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;
Тармақша 8
8) Аудан рыногындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерден аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы, тұлдыр жетiм және жартылай жетім отбасынан шыққан түлектерiне жоғарғы оқу орындарында студенттерге оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек жоғары оқу орындарының анықтамасы негізінде тағайындалып, төленеді;
Тармақша 9
9) Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерін алып кетудің 20 жылдығы құрметіне Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатынасушылардың әрқайсысына 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет тағайындалып, төленеді;
Тармақша 10
10) Әлеуметтік көмектер арызданушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып, төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін уәкілетті орган керекті құжаттардың тізімін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмектерді қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.