Құжат мәтініне өту

Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 149 · қабылданған 15.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.02.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46124/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 149 ·15.05.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

ҚАЗЖоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 149 · қабылданған 15.05.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149
Қабылданған күні
15.05.2009
Көрсетілген редакция
02.02.2011 · қолданыстағы AI46124_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
02.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09UL000075
ЭКБ идентификаторы
46124
Редакция идентификаторы
AI46124_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:05

0 Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығы, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету іс-шараларын кеңейту мақсатында, Созақ аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай – Жұмыс беруші) Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне оқуды бітірген жұмыспен қамтылмаған (әрі қарай - Бітіруші) жастар тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізуді.

2 2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере ала отырып өткізіледі:

1 1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған бітірушілердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2 2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілінің және дағдының болмауы.

3 3. Уәкілетті орган:

1 1) Келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;

2 2) Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағылымдамасында қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізеді;

3 3) жұмыссыз бітірушіге жастар тағылымдамасында қатысу үшін жолдама береді;

4 4) оқу орындарын бітірген жұмыссыз бітірушілерге жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.

Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
Келісім-шарт кемінде алты ай мерзімге жасалады.

4 4. Жұмыс беруші:

1 1) жастар тағылымдамасын өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған бітірушімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;

2 2) жастар тағылымдамасы аясында әр бір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайы жасалуын қамтамасыз етеді;

3 3) жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актін жүргізіп, әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға өткізеді;

4 4) жастар тағылымдамасына жолданған бітірушіні тағылымдаманың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;

5 5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді;

6 6) еңбек шартының мерзімі өткенінен кейін жұмыссызға жастар тағылымдамасына қатысуы туралы пікір (ұсыныс хат) береді.

5 5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес келген жағдайларда бұзуына құқығы бар.

6 6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.

7

7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

9 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.