Еңбек селосындағы "Школьная" атындағы көшенің атауын "Жүнісбай Әлиасқаров" көшесі деп өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Еңбек селосындағы "Школьная" атындағы көшенің атауын "Жүнісбай Әлиасқаров" көшесі деп өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 1 келісімін және ауыл тұрғындарының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 1 хаттамасын, тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Еңбек селосындағы "Школьная" атындағы көшенің атауы "Жүнісбай Әлиасқаров" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.