Шыңғырлау селолық округіндегі кейбір көшелер атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау селолық округіндегі кейбір көшелер атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы"заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауылы тұрғындарының сұрауы бойынша және 2008 жылғы 13 ақпандағы N 1 Аудандық ономастикалық комиссия отырысының ұйғарымына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау селолық округіндегі көшелер атаулары төмендегі ретпен өзгертілсін: Комсомольская көшесі - Бейбітшілік көшесіне; Ленин көшесі – Достық көшесіне; С. Киров көшесі – Тәуелсіздік көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуы Шыңғырлау селолық округі әкімі аппаратына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.