О Положении по оказанию материальной помощи безработным Қолданыста
Басқа 0
Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету жөніндегі Ереже туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімиятының 2003.05.19 N 07/02 қаулысымен.
Қазақстан Руспубликасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі «Адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережесін екіту туралы N 1036 Қаулысына сәйкес
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету тәртібі және шарттары туралы Ереже бекітілсін (N1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері осы Ережеге сәйкес жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімнің орынбасары Х.Б. Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің
1999 жылғы 03.09.
N 153 шешіміне N1 қосымша
Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі Қаулысымен бекітілген адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесіне сәйкес дайындалған.
Тармақ 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақша 1.1
1.1. Жұмыссыз азаматтардың аз қамтамасыз етілген бөлігін және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғаудың бір түрі жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету болып табылады.
Тармақша 1.2
1.2. Жұмыссыздарға материалдық көмекті көрсетуді төлеуге ақша бөлу жергілікті бюджет құрамында қарастырылады және жыл сайын жергілікті өкілетті органдармен бекітіледі.
Тармақша 1.3
1.3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар сәйкес бюджеттер және аймақтың экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты материалдық көмек көрсетілетін жұмыссыздар тобын кеңейту туралы қала және аудан әкімдерінің шешімдерінің жобаларын енгізе алады.
Тармақ 2. 2. Материалдық көмек көрсетілетін азаматтар тобы
2. Материалдық көмек көрсетілетін азаматтар тобы
Тармақша 2.1
2.1. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»
Заңының 5 бабына сәйкес жұмыспен қамтудың облыс әкімінің 1999 жылғы шешіміне қосымша мемлекеттік кепілдігімен мыналар қолдана алады:
-кәмелетке толмаған және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отрыған жалғыз басты және көп балалы аналар;
-зейнеткерлік алдындағы жастағы тұлғалар (зейнеткерлікке шыққанға дейін 2 жылға дейін);
-бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, сот шешімімен күштеп емделуден өткен тұлғалар;
-жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген босқындар, қоныс аударушылар;
Тармақша 2.2
2.2. Айрықша жағдайларда материалдық көмек бір жолғы ақшалай төлемдер түрінде жұмыссызға отбасы мүшелерінің бірі немесе жұмыссыздың өзі қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерінің біріне төленеді.
Тармақша 2.2
2.2. Жұмыссызға материалдық көмек өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету үшін беріледі.
Тармақ 3. 3. Материалдық көмек көрсету шарттары
3. Материалдық көмек көрсету шарттары
Тармақша 3.1
3.1. Жұмыссыздарға материалдық көмек келесі шарттарды орындаған жағдайда беріледі :
-1997 жылғы 2 сәуірдегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің N2 бұйрығына сәйкес есептелген жалпы жинақ кіріс отбасының бір мүшесіне жыл сайын Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленетін ай сайынғы есептік көрсеткіштің екі еселік шамасынан артық болмауы қажет.
Тармақша 3.2
3.2. Жұмыссызға өз ісін ашу және өз бетінше жұмысқа орналасуды қатмамасыз етуге материалдық көмек жұмыспен қатму мәселелері жөніндегі өкілетті орагндардың жұмыссыз статусын беру жөніндегі комиссияға ұсынған жүргізген әңгіме және қорытындылар нәтижесінде беріледі. Қорытынды берілгенге дейін әлеуетті материалдық көмек алушымен оның жеке кәсіпкерлікке деген мүмкіндіктерін анықтау жөнінде жұмыстар жүргізіледі, білімі және мамандығы, жұмыс тәжірибесі, қаржылық мүмкіндіктері ескерледі.
Тармақ 4. 4. Материалдық көмек көрсету жиілілігі мен және мерзімі
4. Материалдық көмек көрсету жиілілігі мен және мерзімі
Тармақша 4.1
4.1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдармен метриалдық көмек төлеудің келесі кезендері мен мерзімдері белгіленеді:
- ай сайын төлеу кезеңімен 3 айдан артық емес;
-зейнеткерлік алдындағы жұмыссыздар үшін 6 айға дейін;
-жұмыссызға отбасы мүшелерінің біріне бір жолғы ақшалай төлемдер.
Тармақша 4.2
4.2. Жұмыссызға материалдық көмек жылына бір реттен артық берілмейді.
Тармақ 5. 5. Материалдық көмек түрлері және мөлшері
5. Материалдық көмек түрлері және мөлшері
Тармақша 5.1
5.1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдармен кезенді (ай сайын) немесе бір жолғы (бір реттік) материалдық көмек төлінеді және жыл сайын Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленетін 3 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде анықталады.
Тармақша 5.2
5.2. Бір жолғы (бір реттік) материалдық көмек жұмыссыздың немесе отбасы мүшесінің бірі қайтыс болуына байланысты төленеді және 15 еселі айлық көрсеткіш мөлшерінде анықталады.
Тармақша 5.3
5.3. Өз ісін ашу және жұмыспен қамтуды қатмамасыз етуге жұмыссызға берілетін бір жолғы материалдық көмек 15 еселік есептік көрсеткіш шамасында анықталалды.
Тармақ 6. 6. Материалдық көмек тағайындау тәртібі
6. Материалдық көмек тағайындау тәртібі
Тармақша 6.1
6.1. Материалдық көмек алу үшін жұмыссыз жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілеті органға өтіннішпен келеді. Өтінішке мынадай құжаттар тіркеледі:
-тұратын жерінен, жұмыссызбен бірге тұратын отбасы мүшелері туралы анықтама;
-тіркелгенге дейінгі соңғы үш айдың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің N2 бұйрығына сәйкес отбасының бір мүшесіне жинақ кірісі есептеетін құжат.
-қайтыс болғаны туралы куәлік көшірмесі (қажет болған жағдайда)
-жұмыссыздың материалдық көмек көрсету туралы өтінішін негіздейтін басқа құжаттар.
Тармақша 6.2
6.2. Материалдық көмек көрсету туралы шешімді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар жанына құрылған жұмыссыз статусын беру жөніндегі комиссия әр жұмыссыз бойынша жұмысыздан өтініш түскен күннен бастап жеті кін ішінде қабылдайды, сәйкес құжаттармен (шешіммен) ресімделеді және жұмыссыз ісінде сақталалды. Қабалданған шешім туралы жұмыссыз жазбаша түрде жауап алалды.
Материалдық көмек алу кезеңінде жұмыссыз өкілетті органға отбасы кірісіндегі өзгерістер туралы хабарлап отыруға міндетті.
Тармақ 7. 7. Материалдық көмек көрсету тәртібі
7. Материалдық көмек көрсету тәртібі
Тармақша 7.1
7.1. Материалдық көмектің барлық түрлерін жұмыссыздарға ақшалай төлемдер түрінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар Халықтық банк филиалдарында ашылған жұмыссыздардың жеке есеп шоттар арқыла жүргізеді.
Тармақ 8. 8. Материалдық көмек төлеуді тоқтату
8. Материалдық көмек төлеуді тоқтату
Тармақша 8.1
8.1. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету мынадай жағдайларда тоқтатылады:
-жұмыссыздың жұмысқа орналасуы, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу;
-жалған (жасанды) құжаттармен материалдық көмек алу;
-жұмыссыздың қолайлы жұмыстан бас тартуы;
-зейнет ақы заңына сәйкес зейнет ақы тағайындалу;
-отбасының әр мүшесіне келетін орта жинақ кіріс мөлшерінің белгіленген мөлшерден артық болу;
-жұмыссыздың бас бостандығынан айырылу түрінде жазалану немесе сот шешімі арқылы емделу;
-басқа тұрақты мекен жайға көшу.