О лицензировании розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива) Күшін жойған
Басқа 0
«Спиртті ішімдік өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лицензиялау туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ұ өкімімен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Этиль спирті және алкоголь өнімлерің өндәру мен айналымға шығаруды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысын ж.зеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) бөлешек саудасына мемлекеттік лицензия беретін әкілетті орган болып тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы лицензия беру және одан арғы лицензиялық бақылау шарттары мен тәртібі жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 Қауылысымен бекітілген этиль спирті және алкоголь өнімдерінің өнімдерінің өндірісін, этиль спиртін сақтау және сату, алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) сақтау және сату, сонымен қатар алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лицензиялау туралы Ережесін басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен үлгіге сәйкес лицензия бланкілерімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері 1999 жылдың 1 қазанына дейін экономика және кәсіпкерлікті дамытудың Бас басқармасына, облыстық салық комитетіне алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасымен айналасатын сауда үйлері, дүкендер мен фирмалардың орналасу құжатын тапсырсын.
Тармақ 5
5. Жезказган, Сәтпаев, Балхаш, Қаражал, Приозерск қалалары және Ұлытау, Ақтоғай, Жаңаарқа аудандары әкімдері бір апталық мерзім ішінде әкілетті органнан лицензия алу үшін біліктілік талаптарын белгілеу және құжаттар әзірлеу жөнінде комиссия кұрсын күші жойылған деп табылсын.
Тармақ 6
6. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қарағанды облысы әкімнің орынбасары Ж.С.Таласпековке жүктелсін