Об установлении ограничительных мероприятий и профилактике заболевания бешенства на территории села Степное
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий и профилактике заболевания бешенства на территории села Степное
- Атауы (қаз.)
- Степной ауылының аумағында құтыру аурушандықты алдын алу және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 20.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2009 AI46315_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NM000086
- ЭКБ идентификаторы
- 46315
- Редакция идентификаторы
- AI46315_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:22
0 Степной ауылының аумағында құтыру аурушандықты алдын алу және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарасу аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде құтыру аурушандықты айқындау фактісі бойынша және адамдардың және үй жануарлардың құтыру аурушандықты алдын алу мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарасу ауданы, Степной ауылының Кубанская және Целинный көшелерінде 2009 жылғы 20 сәуірден бастап құтыру жөніндегі қолайсыз пунктінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарасу аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) құтыру аурушандықты алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың әзірленген жоспарын орындалуы ұсынылсын.
3 3. Осы қаулы 2009 жылғы 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Қарасу аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ М. Ахметов
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті
Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ В.Кайзер