Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Қаулы · № 153 · қабылданған 28.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.01.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46348/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 153 ·28.04.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 153 · қабылданған 28.04.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
28.04.2009
Қолданысқа енгізілген күні
23.06.2009
Көрсетілген редакция
27.01.2012 · қолданыстағы AI46348_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GD000072
ЭКБ идентификаторы
46348
Редакция идентификаторы
AI46348_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:12

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Айтақовқа жүктелсін.

4 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

Ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 сәуірдегі
№ 153 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардығы Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындайды.

1 1. Жалпы бөлім

1 1. Аталған тәртіптегі пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;

2 2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген азаматтар топтары;

3 3) Уәкілетті орган - «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу арнаулы құралған комиссиямен жүргізіледі

2 2. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органының және басқа да мекеме ұйымдардың өкілдері кіреді.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссияның шешімі ауданның атқарушы органымен бекітіледі.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1 1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;

2 2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.

5 5. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган жұмыс берушілер мен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасайды.

6 6. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрады.