Об организации и финансирования социальных рабочих мест для целевых групп населения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқынаЖолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) 1 тармағының 1.5 тармақшасына, Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 "Атырау облысының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде мыналар:
Тармақша 1
1) Атырау қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмыс берушілермен нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, олардың шығындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеу арқылы олардың еңбегіне ақы төлеу  жөнінде шарттар жасасады;
Тармақша 2
2) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында Атырау қаласы және аудандар әкімдері әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесін айқындайды;
Тармақша 3
3) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлeуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Атырау қаласы және аудандардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлға арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді, алайда ол алты айдан аспауы тиіс;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлғаға орташа айлық аударымдарының мөлшері 20 000 теңгеге тең;
Тармақша 6
6) жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына бюджет қаражатын аударуды Атырау қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүргізеді;
Тармақша 7
7) әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған тұлғаның еңбегіне ақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.