О введении временных защитных мер на импорт некоторых видов кондитерских изделий Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кондитерлік бұйымдардың кейбір түрлерінің импортына уақытша қорғау шараларын енгізу туралы "Тауарлар импорты жағдайында ішкі нарықты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кондитерлік бұйымдардың кейбір түрлерінің импортына 2009 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде кедендік құнының 28 пайызы, бірақ 1 килограмм үшін 0,3 евродан кем емес мөлшерде уақытша қорғау шаралары енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік баждың қолданыстағы ставкасының үстінен алынатын осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша қорғау шараларын депозитке салсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық коғамдастықтың Интеграциялық комитетін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетін Қазақстан Республикасының уақытша қорғау шараларын енгізгені туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты уақытша қорғау баждары енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 850 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты уақытша қорғау баждары енгізілетін тауарлардың тізбесі Өнім­нің ата­уы ҚР СЭҚ ТН бой­ын­ша ко­ды Құ­ра­мын­да ка­као жоқ, ішін­де тәт­ті­сі бар неме­се тәт­ті­сі жоқ мұз кәм­пит­тен жа­сал­ған ка­ра­мель 1704907100 Тоф­фи, ка­ра­мель­дер және құ­ра­мын­да ка­као жоқ со­ған ұқсас тәт­ті­лер 1704907500 Құ­ра­мын­да ал­ко­голь бар, ішін­де тәт­ті­сі бар неме­се тәт­ті­сі жоқ шо­ко­лад­ты кәм­пит­тер 1806901100 Ішін­де тәт­ті­сі бар неме­се тәт­ті­сі жоқ өзге шо­ко­лад­ты кәм­пит­тер 1806901900 Құ­ра­мын­да ка­као бар, қант­ты ал­ма­сты­ра­тын өнім­дер­ден әзір­лен­ген, қант­тан және оның ал­ма­стыр­ғы­шта­ры­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер: ішін­де тәт­ті­сі бар неме­се тәт­ті­сі жоқ мұз кәм­пит­тен жа­сал­ған ка­ра­мель 1806905001 Құ­ра­мын­да ка­као бар, қант­ты ал­ма­сты­ра­тын өнім­дер­ден әзір­лен­ген, қант­тан және оның ал­ма­стыр­ғы­шта­ры­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер: тоф­фи, өзге де ка­ра­мель­дер және со­ған ұқсас тәт­ті­лер 1806905002 Құ­ра­мын­да ка­као бар, қант­ты ал­ма­сты­ра­тын өнім­дер­ден әзір­лен­ген, қант­тан және оның ал­ма­стыр­ғы­шта­ры­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер: өзге­ле­рі 1806905009