О выдаче лицензий Күшін жойған
Басқа 0
Лицензиялар беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 03.05.2002 № 56 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы № 3223 өкімін жүзеге асыру шаралары туралы» 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 103, «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді этил спиртты сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» 1997 жылғы 31 шілдедегі № 1195 және «Қазақстан Республикасында май құю станцияларын ұстау және оларды пайдалану жөніндегі кәсіпкерлік қызметті лицензиялау туралы ережені тексеру туралы» 1997 жылғы 13 қыркүйектегі № 1352 қаулыларына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоғамдық тамақтандыру пункттерінің қызметіне, тотализатор ұйымдастыру мен өткізуге және казиноға лицензиялар беру құқығы осы салаға жетекшілік етуші облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 2
2. Май құю станцияларын ұстау және оларды пайдалануға лицензиялар беру құқығы облыстық көлік инспекциясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуға лицензиялар беру құқыгы экономика және сауда басқармасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Лицензиялар беру жағдайында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулыларымен бекітілген тәртіптер мен шарттарды қатаң басшылыққа алатын болсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі «Лицензиялар беру туралы» шешімнің және «Темір жол және автомобиль көлігімен өрт және жарылыс қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін және автомай құю станцияларының жұмысын ретке келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1997 жылғы 8 қыркүйектегі № 185 шешімнің 6 пунктін күші жойылды деп есептелсін.