Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға материалдық көмек көрсету туралы
ҚАЗҰлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға материалдық көмек көрсету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға материалдық көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-286
- Қабылданған күні
- 12.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2009 · қолданыстағы 46406_217101.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DA000100
- ЭКБ идентификаторы
- 46406
- Редакция идентификаторы
- 46406_217101
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:06
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 95-бабына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және қалалық мәслихатының "2008 жылғы 13 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2009 жылғы бюджеті туралы" N 88 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 24 сәуірдегі тіркелген нөмірі 2-1-97, "Талдықорған" газетінің 2009 жылғы 08 мамырдағы 19-нөмірінде жарияланған) N 107 шешімін орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Мұхаметжан) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша қала бюджетінде қарастырылған қаржы есебінен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен мүгедектеріне, олардың жесірлеріне, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 4500000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге материалдық көмек көрсетсін.
2
2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" N 10-394 (Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 04 мамырдағы тіркелген нөмірі 2-1-79, "Талдықорған" газетінің 2008 жылғы 09 мамырдағы 19-нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.