Халықты жұмыспен қамтуға
жәрдесетін қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және 7 бабының 6) тармақшасына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын кеңейту мақсатында Маңғыстау ауданы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдесетін қосымша шаралар туралы от 15.05.2009 г. № 125 (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдесетін қосымша шаралар туралы)
1. Жастардың іс-тәжірибесі –бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген )әрі қарай-жұмыссыз жастар) жасқа дейінгі жұмыссыз жастар үшін (алған мамандығы, кәсіби бойынша) алғашқы жұмыс тәжірибесін алу және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыру үшін мекемелерде, кәсіпорындармен ұйымдарда (әрі қарай-жұмыс беруші) өткізілетін өндірістік іс-тәжірибе.
2. Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың іс-тәжірибесіне қатысу үшін оқу орнын бітіруші жұмыссыздарды іріктеуде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
3. Уәкілетті орган Жастардың іс-тәжірибесіне қатысу үшін оқу орнын бітіруші жұмыссыздарды іріктеуде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
1) үміткерлер Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелу тиіс;
2) олардың жасы 29-ға дейін;
3)кәсіби білім болуы тиіс;
4. Жұмыссыздарды жастар іс-тәжірибесіне алуға келісім берген жұмыс берушімен Уәкілетті орган келісім шарт жасайды. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі.
5. Жастардың іс тәжірибесі республикалық бюджеттен жұмыспен қамту бағдарламасын орындау үшін бекітілген шығыс сметасына сәйкес «Азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары» атты 451.002.103 бағдарламаша бойынша жүргізіледі.
6. Бекітілген жеке еңбек шартының негізінде нақты жұмыс атқарған уақыты үшін жастардың іс-тәжірибесіне қатысушының он бес мың теңге еңбекақысының Уәкілетті орган төлейді.
7. Жастардың іс-тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын төлеу Уәкілетті органның ақшаны олпрдың есеп шоттарына аударуы арқылы жүргізіледі.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кеін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.