О переименовании и присвоении наименования улиц станции Анар, села Донецкое Қолданыста
Басқа 0
Анар станциясы, Донецк селосы көшелерінің атауларын өзгерту және атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес Анар стансасындағы азаматтар жиынының 2009 жылғы 16 сәуірдегі, Донецк селосындағы азаматтар жиынының 2009 жылғы 17 сәуірдегі өткен жиынның хаттамаларын есепке ала отырып, Анар селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Анар стансасының көшелері төмендегідей атаулармен өзгертілсін: Школьная көшесі - Астана көшесіне, Почтовая көшесі - Д.А.Қонаев көшесіне, Вокзальная көшесі - Сарыарқа көшесіне, Локомотивная көшесі - Т.Әубәкіров көшесіне, Деповская көшесі - Ә.Молдағұлова көшесіне, Перволинейная көшесі - Жібек жолы көшесіне, Северная көшесі - Достық көшесі, Пионерская көшесі - Көкшетау көшесіне, Рабочая көшесі - Еңбек көшесіне, Спортивная көшесі - М. Өзтүрік көшесіне, Комсомольская көшесі - Қазақстан көшесіне, Озерная көшесі - Жеңіс көшесіне, Конституция көшесі - Ж.А.Ташенов көшесіне, Дальняя көшесі - Шалғай көшесіне.
Тармақ 2
2. Донецкое селосының көшелеріне төмендегідей жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне - Бірлік атауы, № 2 көшесіне - М.Әуезов атауы, № 3 көшесіне - С.Сейфуллин атауы, № 4 көшесіне - Б.Момышұлы атауы, № 5 көшесіне - Абай атауы, № 6 көшесіне - Конституция атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өз жауапкершілігіме аламын.
Тармақ 4
4. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.