О присвоении наименований улицам аула Арнасай, станции Бабатай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнасай ауылы, Бабатай станциясы көшелеріне жаңа атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Арнасай ауылындағы 2009 жылғы 03 сәуірдегі, Бабатай стансасындағы 2009 жылғы 06 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Арнасай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнасай ауылындағы келесі көшелерге төмендегідей жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Желтоқсан атауы, № 2 көшесіне – И.Рождественский атауы, № 3 көшесіне – А.Молдағұлова атауы, № 4 көшесіне – С.Сейфуллин атауы, № 5 көшесіне – С.Қасенов атауы, № 6 көшесіне – 9 Май атауы, № 7 көшесіне – Мира атауы, № 8 көшесіне – М.Әуезов атауы, № 9 көшесіне – Абай атауы, № 10 көшесіне – Абылайхан атауы. Бабатай стансасының келесі көшелеріне төмендегідей жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Конституция атауы, № 2 көшесіне – Ш.Уәлиханов атауы, № 3 көшесіне – Бейбітшілік атауы, № 4 көшесіне – Кенесары атауы, № 5 көшесіне – Б.Момышұлы атауы, № 6 көшесіне – Б. Саттарханов атауы, № 7 көшесіне – Ғ. Мүсүрепов атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
Тармақ 3
3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткен сон, ақпарат кұралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.