Жылыой ауданы аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой ауданы аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы” Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсету үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 28 сәуірдегі 130 қаулысымен бекітілген "Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Құлсары қаласы есебінде шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарға қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру.
Тармақ 2
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы  20 маусымдағы N 442 Жер кодексінің 101 және 102 бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу" Заңының 19 бабы.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: "Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. 5.Тұтынушы алатын көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың санаты: жеке тұрғындар, шаруа құжалықтары.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 минут.
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 5 минут.
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған  кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі, 27, N 12 ғимаратта орналасады.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесі: мемлекеттік қызмет көрсету аптаның  дүйсенбі-жұма күндері сағат 8.30-18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-14.00-ге дейін. Қызмет көрсетудің басқа жолдары қарастырылмаған.
Тармақ 11
11. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының ғимараты, N 12 кабинет.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Тармақша 1
1) азаматтардың жеке куәлігі және үй кітабы көшірмесі;
Тармақша 2
2) кәсіпорынның, ұйымның шаруа қожалығының мемлекеттік тіркелгендігі туралы құжат;
Тармақша 3
3) шаруа қожалығына алынған жердің мемлекеттік жер актісі;
Тармақша 4
4) келісім шарт;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің куәлігі;
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметтік алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орын: Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты N 12 бөлме;
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілердің, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы кабинетінің нөмірі: Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімінің аппараты N 12 бөлме.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету: әкімшіліктің мөрі соғылған анықтама беріледі.
Тармақ 16
16. Қосалқы шаруашылығы бар екені жөніндегі толық құжаттар пакетіне сай тұтынушыға арнайы тіркеу журналына қол қойдыру арқылы жеке беріледі.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету: Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға ешқандай негіз жоқ.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Қызмет көрсету кезінде тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
Тармақша 1
1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
Тармақша 2
2) қызмет міндетін орындау кезінде заңдылықты сақтау;
Тармақша 3
3) сыпайылық;
Тармақша 4
4) мәліметтерді толық беріп отыру;
Тармақша 5
5) ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем   көрсететін мемлекеттік органның атауын, мекен-жайын, шақыруларды өңдеу ортылықтарының (call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі, Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі N 27, 10-кабинет, тел/факс 8 (71237) 5-11-58.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайы не лауазым кабинетінің нөмірін көрсету. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі тел: 2-11-58., Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі N 27, Жылыой ауданы әкімі, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26 үй, жұмыс телефоны: 5-12-42.
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының қабылдау бөлмесі, іс жүргізуші каб: N 10 тел: 5-11-58. Жылыой ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімі N 25 каб тел: 5-17-22;
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету.Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі N 27, 10 кабинет, тел/факс 8 (71237) 2-11-58. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі 10 кабинетте отырады, жұмыс кестесі әрбір аптаның дүйсенбіден сенбіге дейін 5 жұмыс күні және жұмыс кестесінің уақыты: сағат 8.30-12.30 және 14.00-18.00-ге дейін. Үзіліс сағат 12.30-14.00-ге дейін, жұмыс телефондары –5-11-58.
Тармақ 25
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат: қосымша қызмет көрсетілмейді.
Басқа 47
Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының "Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні 2009 Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 2008 1 2 3 4 1. Уақтылығы 1.1 Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100 80 75 1.2 Қызмет алуды кезекте 10 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) 100 85 75 2. Сапасы 2.1 Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100 85 75 2.2 Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесі) 100 85 80 3. Қол жетімділік 3.1 Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100 65 55 3.2 Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 100 55 45 3.3 Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 50 45 35 4. Шағымдану үдерісі 4.1 Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,2 0,3 0,4 4.2 Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) 100 90 75 4.3 Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың %үлесі) 100 80 65 4.4 Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100 65 55 5. Сыпайылық 5.1 Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100 75 85