Жылыой ауданы білім беру бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жылыой ауданы білім беру бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсету үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Жылыой ауданы білім беру бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Жылыой аудандық әкімиятының
2009 жылғы 28 сәуірдегі
N 174 қаулысымен бекітілген
Жылыой ауданы білім беру бөлімінің "Білім беру қызметін лицензиялау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар
1. Негізгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
Білім беру қызметін лицензиялау - сәйкесінше лицензиардың заңды тұлғаға қызметтің білім беру түрімен айналысуға берілетін рұқсат.
Тармақ 2
2. Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны - автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Білім беру қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының мынадай заңнамасы негізінде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 "Білім туралы" Заңы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 "Лицензиялау туралы" Заңы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 "Білім беру қызметін лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" қаулысы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 147 "Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті Құлсары қаласы, Л.Әбдрахманов көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Жылыой ауданы Білім беру бөлімі ұсынады.
Тармақ 5
5. Осы мемлекеттік қызметтің нәтижесі Жылыой ауданы білім беру бөлімінің білім беру қызметіне лицензия беру болып табылады.
Тармақ 6
6. Осы мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалардың жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап осы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - отыз жұмыс күннен кеш емес;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 минуттан артық емес;
Тармақша 3
3) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде, құжаттарды алуда кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Тармақ 8
8. Осы мемлекеттік қызмет ақылы. Қызметтің білім беру қызметімен айналысуға құқық үшін лицензиялық жинақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялар көшірмесі) берілген кезде алынады.
Тармақ 9
9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты Құлсары қаласы, Л.Әбдрахманов көшесі, 47 мекен-жайындағы Жылыой ауданы білім беру бөлімі, N 8 кабинетте орналастырылады.
Тармақ 10
10. Жылыой ауданы білім беру бөлімінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбіден басқа, күн сайын 09.00-сағаттан 18.00-сағатқа дейін.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орын: Құлсары қаласы, Л.Әбдрахманов көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Жылыой ауданы білім беру бөлімі, N 8 кабинет.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 4
4) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төлегенін растайтын құжаты;
Тармақша 5
5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Тармақ 13
13. Жылыой ауданы білім беру бөлімі, N 8 кабинет, білім беру қызметіне лицензияны беру орны болып табылады.
Тармақ 14
14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Құлсары қаласы, Л.Әбдрахманов көшесі, 47, мекен-жайында орналасқан Жылыой ауданы білім беру бөліміне, N 8 кабинетке, барлық қажетті құжаттарды тапсырады.
Тармақ 15
15. Тұтынушы барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының осы мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон алады.
Тармақ 16
16. Білім беру қызметіне лицензия беру, тұтынушы Құлсары қаласы, Л.Әбдрахманов би көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Жылыой ауданы білім беру бөлімі, N 8 кабинетте жеке болған кезде, жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет ұсынуды тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіздер тізбесі:
Тармақша 1
1) субъектілерінің осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарымен тиым салынған қызметтің білім беру түрімен айналысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес барлық қажетті құжаттар ұсынылмаған;
Тармақша 3
3) қызметтің білім беру түріне лицензия беруге өтініш берген жағдайда, қызметтің білім беру түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбегенде;
Тармақша 4
4) өтініш беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмейді;
Тармақша 5
5) өтініш берушіге қызметтің білім беру түрімен айналысуға тиым салынған оған қатысты заңдылы күшіне енген сот үкімі бар;
Тармақша 6
6) әрекеттерді тоқтату, лицензияларды кері қайтару Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Жылыой ауданы білім беру бөлімінің мамандары осы мемлекеттік қызметті тұтынушыға қатысты мынадай жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
Тармақша 1
1) сыпайылық және осы мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
Тармақша 2
2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
Егер заңды тұлға белгіленген мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы құжаттарды алуға өтініш жасамаған жағдайда, Жылыой ауданы білім беру бөлімі екі ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін акт бойынша құжаттар белгіленген тәртіпте жойылады.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні" кестесі) сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін Жылыой ауданы білім беру бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Жылыой ауданы білім беру бөлімі мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Жылыой ауданы білім беру бастығы түсіндіреді, N 1 кабинет, байланыс телефоны: 5-14-85.
Мемлекеттік қызметтің осы түрі бойынша Жылыой ауданы білім беру бөлімінің шешімдеріне мүдделі жеке тұлғалар сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
Тармақ 22
22. Шағым Жылыой ауданы білім беру бөлімінің бастығының атына, N 1 кабинет, байланыс телефоны: 5-14-85, сондай-ақ Жылыой ауданы аппаратына әкіміне беріледі, байланыс телефоны: 5-12-42
Тармақ 23
23. Шағымның қабылдауын растайтын құжат Жылыой ауданы білім беру бөлімінің тіркеу журналында тіркеліп, берілген шағымға жауаптың мерзімі мен алу күні көрсетілген талон болып табылады. 5-18-78 байланыс телефоны арқылы шағымның қаралу барысы туралы білуге болады.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Жылыой ауданы білім беру бөлімінің байланыс деректері: пошталық мекен-жайы: 060100, Құлсары қаласы, Л. Әбдрахманов көшесі, 47. Қабылдау бөлменің телефоны (факсы): 5-14-85, Жылыой ауданы білім беру бөлімі бастығының орынбасарының телефоны: 5-18-78, N 8 кабинет. Электрондық поштаның мекен-жайы: jiloiraioo @ rambler. ru Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Заңды тұлғаларды қабылдау кестесі: Жылыой ауданы білім беру бөлімінің бастығы - әр айдың сәрсенбі және жұма күндері сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін; Жылыой ауданы білім беру бөлімі бастығының орынбасары - әр айдың сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін.
Жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері: Жылыой ауданы әкімінің аппараты: Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26 үй, телефон: 5-12-42.
Тармақ 25
25. Қосымша ақпарат алу үшін Жылыой ауданы, Л.Әбдрахманов көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Жылыой ауданы білім беру бөлімі, N 8 кабинет, 5-18-78 телефоны бойынша жолығу қажет.
Басқа 56
Білім беру қызметін лицензиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына қосымша Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері
Стандарт
(көрсеткіштің
нормативтік
Тармақша мәні
мәні)
Кейінгі
жылғы
көрсеткіштің
нысаналы
мәні
Есепті жылғы
көрсеткіштің
ағымдағы мәні
1
2
3
4
1. Уақтылығы
1.1. Құжатты тапсырған
сәттен бастап
белгіленген мерзімде
қызмет ұсыну
жағдайларының % (үлесі)
100%
95%
90%
1.2. Қызмет алуды
кезекте 40 минуттан
аспайтын уақыт күткен
тұтынушылардың %
(үлесі)
85%
80%
75%
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну
үдерісінің сапасына
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
90%
85%
80%
2.2. Құжаттарды
лауазымды тұлға дұрыс
ресімдеген жағдайлардың
(жүргізілген төлемдер,
есеп айырысулар және
т.б.) % (үлесі)
100%
95%
90%
3. Қол жетімділік
3.1. Қызметті ұсыну
тәртібі туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
90%
85%
80%
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайлардың % (үлесі)
80%
75%
70%
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің ақпарат % (үлесі)
50%
45%
40%
4. Шағымдану үдерісі
4.1. Қызметтің осы түрі
бойынша қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың жалпы
санына негізделген
шағымдардың % (үлесі)
0,5%
0,3%
0,2%
4.2. Белгіленген
мерзімде қаралған және
қанағаттандырылған
негізделген шағымдардың
% (үлесі)
100%
95%
90%
4.3. Шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
90%
85%
80%
4.4. Шағымдану
мерзіміне қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
90%
85%
80%
5. Сыпайылық
5.1. Қызметкерлердің
сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
90%
85%
80%