О некоторых вопросах создания государственного учреждения "Налоговый департамент "Бурабай" Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Бурабай" салық департаменті" мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 512 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Бурабай" салық департаменті" аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі: мынадай мазмұндағы 230-тармақпен толықтырылсын: "230. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Бурабай" салық департаменті.".
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.