О присвоении наименования улицам аула Турген, села Красное Озеро, села Родники Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түрген ауылының, Красное Озеро селосының, Родники селосының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес және Түрген ауылындағы 2009 жылғы 8 сәуірдегі хаттамасын, Красное озеро селосындағы 2009 жылғы 16 сәуірдегі хаттамасын, Родники селосындағы 2009 жылғы 21 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Түрген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түрген ауылының көшелеріне келесі атаулар: № 1 көшесіне - Есіл атауы, № 2 көшесіне - Жастар атауы, № 3 көшесіне - Жеңіс атауы, № 4 көшесіне - Береке атауы № 5 - көшесіне Достық атауы, № 6 - көшесіне Еңбек атауы берілсін. Красное озеро селосының көшелеріне келесі атаулар: № 1 көшесіне - Қызыл атауы, № 2 - көшесіне Жасыл атауы , № 3 - көшесіне Мектеп атауы берілсін. Родники селосының көшелелеріне келесі атаулар: № 1 көшесіне - Центральная атауы, № 2 көшесіне - Озерная атауы, № 3 көшесіне - Родниковская атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
Тармақ 3
3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.