О присвоении наименования улицам аула Булаксай, села Костомар, села Акжар Қолданыста
Басқа 0
Бұлақсай ауылы, Қостомар селосы, Ақжар селоларының көшелеріне жаңа атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес және ауылдық округ тұрғындары жиналысының 2009 жылғы 25 сәуірдегі хаттамасын есепке ала отырып, Бұлақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұлақсай ауылындағы келесі көшелерге жаңа төмендегі атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Тың игерушілер атауы, № 2 көшесіне - Абай атауы, № 3 көшесіне - С.Сейфуллин атауы, № 4 көшесіне - Д.Б.Тналина атауы, №5 көшесіне - Оқжетпес атауы, №6 көшесіне - Астана атауы, № 7 көшесіне – М. Мақатаев атауы, № 8 көшесіне - Сары-Арқа атауы, № 9 көшесіне - Бөгенбай атауы берілсін.
Қостомар селосындағы келесі көшелерге төмендегі жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Д. Қонаев атауы, № 2 көшесіне - Құрманғазы атауы, № 3 көшесіне - Қ. Сатпаев атауы берілсін.
Ақжар селосындағы келесі көшелерге төмендегі жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – М. Әуезов атауы, № 2 көшесіне - Құрманғазы атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
Тармақ 3
3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.