О совершенствовании архитектурно-градостроительного контроля Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәулет-қала құрылысына бақылау жасауды жетілдіру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды-Қостанай облысы әкімінің 15.03.2001 № 58 шешімімен. Сәулет-қала құрылысы саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырушы ұйымдардың қызметін ретке келтіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 карашадағы № 1157 Қаулысын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері: - бюджеттен ұсталатын және "Қостанай облыстық мемлекеттік сәулет- құрылыс инспекциясы (облмемсәуқұринспекциясы) еншілес мемлекеттік кәсіпорнының функцияларын қайталайтын мемсәуқұрқадағалаудың (ММСҚ) жергілікті органдарын таратсын; - Қостанай облысының аумағыңда құрылысты, обьектілерді қайта қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге сәулет-құрылыс бақылау жасау жөніндегі функцияларды олардың мақсатына, меншік нысанына және қаржы көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасының Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті - Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының еншілес кәсіпорнының шаруашылык жүргізу кұкында негізделген Қостанай облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы (облмемсәуқұринспекция) жүзеге асыратыны еске алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық инфрақұрылым және құрылыс департаменті (В.Ф. Кочин), еншілес мемлекеттік кәсіпорындар: Қостанай мемлекеттік сәулет-қала құрылысы кәсіпорны (В.Д. Ребиков), мемлекеттік құрылысты лицензиялаудың облыстық орталығы (М.К. Молдабаев), жобалардың Қостанай мемлекеттік сарабы ( А.М. Макаренко) сәулет-қала құрылысы қызметінің саласында заңдылықтың сақталуына, облыстың қалаларында және аудандарында атқарылатын жұмыстардың сапасына бақылау жасауда кешенді тексерулер жүргізуді практикаға енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментіне (В.Ф. Кочин) жүктелсін.