Жаңа көшеге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңа көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» заңының 14 бабының 4 тармағына және Исатай аудандық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 17 сәуірдегі ұйығарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңбай селосының шығыс бетіндегі жаңа көшеге «Нарын» көшесі атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Аталған көше тұрғындарының тұрғын үйлеріне рет сандарын белгілеп, шаруашылық кітабына өзгеріс енгізу селолық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы Р. Губашовқа тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.