Қолданыстағы ред. 14.05.2009

Шалқар ауылының бұрын атауы жоқ көшесіне атау беру туралы от 14.05.2009 г. № 1 (Шалқар ауылының бұрын атауы жоқ көшесіне атау беру туралы)

0

Шалқар ауылының бұрын атауы жоқ көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы, 4 тармағын, Зайсан аудандық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы № 3/2381 қорытындысын басшылыққа ала отырып, Сартерек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Сартерек ауылдық округі Шалқар ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шалқар ауылының бұрын атауы жоқ шеткі көшесіне Еңбек қызыл Ту орденінің иесі, еңбек ардагері Байботанов Алкеннің есімі берілсін.

2

2. Шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.

3

3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.