Об организации деятельности таможенного склада Күшін жойған
Басқа 0
Кеден қоймасының қызметін ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кеден қоймасының қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Кедендік қоймалар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің 1995 жылғы 16 қазандағы N 147-Б бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Мұхамедиева) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Кедендік режимдер мен кедендік рәсімдерді бақылауды ұйымдастырудың Бас басқармасы (М. Байболов) осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың атқарылуын бақылау Төрағаның орынбасары Б.Жұмабаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Кеден қоймасының қызметiн ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Кеден комитетiнің
1999 ж. 3.11. N 528-Б
бұйрығымен бекітілген
Кеден қоймасының қызметiн ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес кеден қоймасының кедендiк режимi әкелiнген тауарларды сақтау кезеңiнде кеден бажын, салықтарды алмастан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан кедендiк бақылауда сақтау үшiн, сондай-ақ экспортқа арналған тауарларды оларды iс жүзiнде экспорттағанға дейiн кеден бажын, тарифтiк емес реттеу шараларын қолдана отырып, кедендiк бақылауда сақтау үшiн арналады.
Тармақ 2
2. Кеден қоймасы деп кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған кез келген арнайы белгiленген және жайғастырылған үй-жай немесе орын танылады.
Тармақ 3
3. Кеден қоймалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензиясы алынғаннан кейiн тағайындалады.
Тармақ 4
4. Кеден қоймасының аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеден қоймасының кедендiк режимiне тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Кеден қоймасында тауарларды сақтау мерзiмi Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Кеден қоймаларын жайғастыру мен жабдықтауға және олардың иелерiне қойылатын талаптар
2. Кеден қоймаларын жайғастыру мен жабдықтауға және олардың иелерiне қойылатын талаптар
Тармақ 7
7. Кеден қоймаларын жайғастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар кеден қоймасының кедендiк тәртiбiне қойылған тауарларды кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк өлшемдерiне байланысты белгiленедi.
Тармақ 8
8. Кеден қоймасы тағайындалуға арналған үй-жай немесе орын өрт қауiпсiздiгiнің талаптарына, санитарлық-тұрмыстық және техникалық нормаларға сәйкес, сондай-ақ мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
Тармақша 1
1) кеден қоймасын жайғастыру мыналарды:
кедендiк бақылаудан басқа, кеден қоймасынан тауарлардың алыну мүмкiндiгiн болдырмауды;
қоймада тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етудi;
бөгде адамдардың тауарларға енiп кету мүмкiндiгiн болдырмауды қамтиды;
Тармақша 2
2) кеден қоймасының аумағы бүкiл аумағы бойынша белгiленген және қоршалған болуы тиiс;
Тармақша 3
3) қойма кiрме жолдармен жабдықталған, тауарларды өлшеуге арналған, сертификатталған жабдықтармен, тиеу-түсiру техникасымен жасақталған болуы тиiс.
Кеден қоймасының кеден режимiне орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру мақсатында тиiстi үй-жайлардың немесе орындардың иелерiне қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, кеден органдарының қызметкерлерiне арналған жабдықтар мен байланыс құралдары берiлуi тиiс.
Қажет болған кезде кеден органдары кеден қоймасын тағайындауға арналған үй-жайды немесе орынды қосарланып жабылатын, олардың бiреуi қызметінің ауқымында дәл осындай үй-жай немесе орын бар кеден органының қарамағында болатын құрылғылар мен жабдықтауды талап етуге құқықты.
Тармақ 9
9. Уақытша сақтау орыны ретiнде пайдаланылатын кеден қоймасының бөлiгi уақытша сақтау орнына қойылатын мiндеттi талаптар туралы Кеден комитетiнің бұйрығымен белгiленген талаптарға сәйкес болуы керек.
Тармақ 10
10. Кеден қоймалары олар жұмыс iстейтiн бүкiл мерзiм бойында белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Тармақ 11
11. Кеден қоймалары иелерiнің мiндеттерi Заңның 43-бабында айқындалған.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Кеден қоймасына орналастырған кезде тауарларды кедендiк ресiмдеу
3. Кеден қоймасына орналастырған кезде тауарларды кедендiк ресiмдеу
Тармақ 12
12. Тауарларды кеден қоймасына орналастыру уақытша сақтау рәсiмiне сәйкес не жүк-кеден декларациясы негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 13
13. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын кеден қоймасының оқшауланған бөлiгiнде тұрған тауарлар кеден қоймасының кедендiк режимiнде кедендiк ресiмделгеннен кейiн кеден қоймасының басқа бөлiгiне ауыстырылуға жатады.
Тармақ 14
14. Уақытша сақтау орындарында (кеден қоймасынан басқа) уақытша сақтауда тұрған тауарларды кеден қоймасына орналастыру мақсатында ауыстыру тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Кеден қоймасы кеден қоймасының кедендiк режимiне қойылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн орын болуы мүмкiн.
Тармақ 16
16. Басқа тауарларға нұқсан келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше
жағдайларын талап ететiн тауарлар кеден қоймасының арнайы жабдықталған
үй-жайларында орналастырылуы керек.
17. Кеден режимi өзгертiлместен жүзеге асырылатын бiр кеден
қоймасынан тауарларды басқасына ауыстырған кезде сақтау мерзiмi тауарларды
кеден қоймасына ең алғаш ауыстырған күннен бастап есептеледi.
Мұндай жағдайда тауарларды iс жүзiнде ауыстыру тауарларды кедендiк
бақылаумен жеткiзу тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Кеден қоймасында сақтаған кезде тауарлармен
жүргiзiлетiн операциялар
4. Кеден қоймасында сақтаған кезде тауарлармен
жүргiзiлетiн операциялар
Тармақ 18
18. Кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен операциялар жүргізу мүмкiн:
Тармақша 1
1) осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде:
тазарту;
желдету;
кептiру (оның iшiнде жылу ағысын келтiре отырып);
сақтаудың оңтайлы температуралық режимiн жасау (салқындату, тоңазыту, жылыту);
қорғаныш құндағына орналастыру;
қорғаныш мақсатында майлау және консерванттармен өңдеу;
таттан қорғау үшiн сырлау;
алдын ала сақтандыру саңылауларын қалдыру;
коррозияларға қарсы жамылғылармен жабу;
Тармақша 2
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiнде:
топтарға бөлу;
жөнелтiмдердi ресiмдеу;
сорттау;
құндақтау;
қайта құндақтау;
маркiлеу;
тиеу, түсiру, қайта тиеу;
тестiден өткiзу;
тауарларды ұтымды орналастыру мақсатында қойманың шегiнде ауыстыру;
басқа да осындай операциялар.
Тармақ 19
19. Кеден қоймасында тауарлармен жүргiзiлетiн барлық операциялар тоғыз таңбалы деңгейдегi сыртқы экономикалық қызметтiң Тауарлық
номенклатурасы бойынша сыныптау кодын өзгертуге байланысты, осы тауарлардың сипаттамаларын (сапаларын) өзгертуге тиiстi емес.
Тарау 5. 5. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар туралы есеп
пен есептiлiк
5. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар туралы есеп
пен есептiлiк
20. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес есепке алынуға тиiстi.
21. Кеден қоймаларының иелерi есептi жүргiзедi және кеден органдарына қоймада сақтаулы тауарлар және олардың сақталу мерзiмдерi туралы есеп берiп тұрады.
22. Тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезде тауарларды қойманың иесi қойманың есептiк құжаттарында тiркеуi керек, олар мынадай деректердi қамтуы тиiс:
1) тауардың қоймаға орналастырылған уақыты;
2) тауардың атауы;
3) орны саны және нетто салмағы (кг);
4) тауармен бiрге жүретiн құжаттардың нөмiрлерi;
жүк-кеден декларациясының нөмiрi мен оны босату туралы шешiм қабылданған уақыт.
Тармақ 23
23. Кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептердi кеден қоймалары иелерiнің тапсыратын нысандары мен кестесiн аймағында осындай қоймалар жұмыс iстейтiн кеден органдары белгiлейдi. Бұл ретте есептер кеден органдарына үш айда кемiнде бiр рет тапсырылып тұруы керек.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын
қабылдауға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есептердi тапсыруды талап етуге құқықты. Бұл жағдайда есептi кеден қоймасының иесi кеден органының бастығы жазбаша талап қойған күннен бастап үш күннің iшiнде тапсыруға тиiстi.
Тармақ 25
25. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар есебiнің құжаттары кемiнде бес жыл сақталады.
Тарау 6. 6. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi
жауаптылық
6. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi
жауаптылық
Тармақ 26
26. Кеден қоймасының кедендiк режимiнде орналастырылған және экспорттың кедендiк режимiне сәйкес әкетуге арналған тауарларды кеден
бажынан босату немесе төленген сомаларды қайтару Заңның 48-бабына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 27
27. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi жауаптылық Заңның 44-бабына сәйкес туындайды.
Тарау 7. 7. Тауарларды кеден қоймасынан босату
7. Тауарларды кеден қоймасынан босату
Тармақ 28
28. Кеден қоймасында сақтаудың белгiленген мерзiмдерi бiткеннен кейiн:
iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы шегiнен тыс әкетiлуi;
өзге кедендiк режимге мәлiмделуi;
не Қазақстан Республикасының кеден органдары тағайындаған уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуы тиiс.
Тармақ 29
29. Тауарларды өзге кедендiк режимге орналастыру мақсаты үшiн тауарлардың кедендiк құны мен олардың саны тауарлар қоймадан босатылатын сәтте айқындалады.
Тарау 8. 8. Жабық түрдегi кеден қоймаларын тағайындаудың
ерекшелiктерi
8. Жабық түрдегi кеден қоймаларын тағайындаудың
ерекшелiктерi
Тармақ 30
30. Жабық түрдегi кеден қоймаларын:
Тармақ 1
1) кәсiби қызметке (сервистiк қызмет көрсету және т.б.) арналған тауарларды сақтауға маманданған адамдар:
Тармақ 2
2) меншiктi тауарларды, сондай-ақ егер кеден қоймасының иесi сонымен бiрге тасымалдаушы болса, тасылатын тауарларды сақтау үшiн;
Тармақ 3
3) қойманың иесi оны тағайындаған кезде белгiлеген үшiншi адамның тауарларын сақтау үшiн тағайындауы мүмкін.
Тарау 9. 9. Кеден қоймасы иесiнiң кеден қоймасына тауарлар
қоятын адамдармен және кеден органдарымен өзара
қатынастары
9. Кеден қоймасы иесiнiң кеден қоймасына тауарлар
қоятын адамдармен және кеден органдарымен өзара
қатынастары
Тармақ 31
31. Кеден қоймаларының иелерi мен кеден қоймаларына тауарларды орналастырушы адамдардың қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Тармақ 32
32. Кеден қоймаларының иелерi кеден қоймалары иелерiнің және кеден органдарының бiрлесiп тағайындауына сәйкес кеден органдарымен өзара қатынас кестелерi бойынша әрекет етедi.
Тарау 10. 10. Кеден қоймасын тарату
10. Кеден қоймасын тарату
Тармақ 33
33. Кеден қоймасын тарату туралы талап Кеден комитетiнің бұйрығы нысанында қабылданады.
Тармақ 34
34. Кеден қоймасын тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап кеден қоймасында сақтаулы барлық тауарлар уақытша сақтауда тұр деп
есептеледi және таңдап алынған кеден режимiне сәйкес кедендiк ресiмдеуге жатады.
Тармақ 35
35. Кеден қоймасын тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.