Об организации деятельности свободного склада Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еркін қойманың қызметін ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Еркін қойманың қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық (1-қосымша);
Тармақша 2
2) Еркін айналымдағы тауарларды есепке алу кітабының нысаны (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Кедендік режимдер мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастырудың Бас басқармасы (М. Байболов) осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Б.Жұмабаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Еркін қойманың қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 ж. 03.11. N 533-Б бұйрығына 1-қосымша Еркін қойманың қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 71-бабына сәйкес еркiн қойманың кедендiк режимi дегенiмiз - шетелдiк тауарлар тиiстi үй-жайларда кеден бажын, салықтарды алмастан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан сақталатын, отандық тауарлар Заңда айқындалатын тәртiппен экспорттаудың кеден режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын жағдайларда орналастырылатын және пайдаланылатын кеден режимi.
Тармақ 2
2. Еркiн қоймаларда ұқсатуға арналған (спирттен басқа) тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
Тармақ 3
3. Еркiн қойма - еркiн қойманың кеден режимiне сәйкес онда тауарларды орналастыруға арналған арнайы қойма.
Тармақ 4
4. Еркiн қоймалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензиясын алғаннан кейiн тағайындалады.
Тармақ 5
5. Заңның 3-бабына сәйкес еркiн қоймалардың аумағы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы болып табылады.
Тармақ 6
6. Еркiн қойманың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
Тармақ 7
7. Еркiн қоймаларда уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын еркiн қойма бөлiгiнде тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтайтын жағдайларды қоспағанда, тауарлар еркiн қоймаларда шексiз мерзiмдерде сақталуы мүмкiн.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Еркiн қоймаларды жайғастыру мен жабдықтауға және иелерiне қойылатын талаптар
2. Еркiн қоймаларды жайғастыру мен жабдықтауға және иелерiне қойылатын талаптар
Тармақ 8
8. Еркiн қоймаларды жайғастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар еркiн қойманың кедендiк тәртiбiне қойылған тауарларды кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк өлшемдерiне байланысты белгiленедi.
Тармақ 9
9. Еркiн қойманы тағайындауға арналған үй-жай немесе орын өрт қауiпсiздiгiнің талаптарына, санитарлық-тұрмыстық және техникалық нормаларға сәйкес, сондай-ақ мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
Тармақша 1
1) жайғасуы мен жабдықталуы мыналарды: кедендiк бақылаудан басқа, еркiн қоймадан тауарларды орналастыру және алып кету; белгiленген рұқсат пункттерiнен тысқары қойма аумағына бөгде адамдардың тауарларға енiп кету мүмкiндiгiн болдырмауды қамтиды;
Тармақша 2
2) аумақ бүкiл көлемi бойынша белгiленген және қоршалған болуы тиiс; Қажет болған кезде кеден органдары еркiн қойманы тағайындауға арналған үй-жайды немесе орынды қосарланып жабылатын, олардың бiреуi қызметiнің ауқымында дәл осындай үй-жай немесе орын бар кеден органының қарамағында болатын құрылғылармен жабдықтауды талап етуге құқықты.
Тармақша 3
3) еркiн қойманың кеден режимiне орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi үй-жайлардың немесе орындардың иелерiне қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, кеден органдарының қызметкерлерiне арналған жабдықтар мен байланыс құралдары берiлуi тиiс.
Тармақ 10
10. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын еркiн қойманың бөлiгi уақытша сақтау орнына қойылатын мiндеттi талаптар туралы Кеден комитетiнің бұйрығымен белгiленген талаптарға сәйкес болуы керек.
Тармақ 11
11. Еркiн қоймалар олар жұмыс iстейтiн бүкiл мерзiм бойында белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Тармақ 12
12. Еркiн қоймалар иелерiнің мiндеттерi Заңның 78-бабында айқындалған.
Тармақ 13
13. Кеден органы қойма иесiнің талап-тiлегi бойынша еркiн қойманы тауарларға, еркiн қойманың өткiзу мүмкiндiгiне және еркiн қойманың жұмыс iстеуiне қатысы бар басқа да факторларға байланысты пайдалану рәсiмiн келiседi.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде тауарларды кедендiк ресiмдеу
3. Тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде тауарларды кедендiк ресiмдеу
Тармақ 14
14. Тауарларды еркiн қоймаға орналастыру уақытша сақтау рәсiмiне сәйкес не жүк-кеден декларациясы негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 15
15. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын еркiн қойманың оқшауланған бөлiгiнде тұрған тауарлар еркiн қойманың кедендiк режимiнде кедендiк ресiмделгеннен кейiн еркiн қойманың басқа бөлiгiне ауыстырылуға жатады.
Тармақ 16
16. Уақытша сақтау орындарында (еркiн қоймадан басқа) уақытша сақтауда тұрған тауарларды еркiн қоймаға орналастыру мақсатында ауыстыру тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Еркiн қойма еркiн қойманың кедендiк режимiне қойылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзілетін орын болуы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Еркiн қоймаға тауарларды әкелу немесе одан әкету кезiнде қойманың иесi осы ниетi туралы кеден органының алдын ала құлақтандыруға мiндеттi. Құлақтандырудың нысаны мен оны берудің мерзiмiн кеден органы белгiлейдi.
Тарау 4. 4. Еркiн қоймалардағы тауарлармен жүргізiлетiн операциялар
4. Еркiн қоймалардағы тауарлармен жүргізiлетiн операциялар
Тармақ 19
19. Еркiн қоймаларда мынадай операциялар жүргiзiлуi мүмкін: 1) осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде: тазарту; желдету; кептiру (оның iшiнде жылу ағысын келтiре отырып); сақтаудың оңтайлы температуралық режимiн жасау (салқындату, тоңазыту, жылыту); қорғаныш құндағына орналастыру; қорғаныш мақсатында майлау және консерванттармен өңдеу; таттан қорғау үшiн сырлау; алдын ала сақтандыру саңылауларын қалдыру; коррозияларға қарсы жамылғылармен жабу; 2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiнде: топтарға бөлу; жөнелтiмдердi ресiмдеу; сорттау; құндақтау; қайта құндақтау; маркiлеу; тиеу, түсiру, қайта тиеу; жеткiзе жинақтауға немесе жұмыс жағдайына келтiруге байланысты қарапайым операциялар; тауарларды ұтымды орналастыру мақсатында қойманың шегiнде ауыстыру; тауарларды көрме алаңдарына орналастыру; тестiден өткiзу; 3) ұқсату жөнiндегi операциялар: әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталуға тиiстi монтажды құрастыру мен қиыстыруды қоса алғанда, басқа тауарларды жасау (өңдеу); ұқсастандыру ұқсатудың бiрден бiр шарты болып табылатын ұқсату өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды ұқсастандыруға мүмкiндiк беретiн сипаттамаларын өнiмдердi ұқсату кезiнде сақтай отырып өзiнің жеке сипатын шетелдiк тауарлар жоғалтатын, тауар өңдеудің түрi; тауарларды жөндеу, оларды қалпына келтiрудi қоса алғанда; ұқсату тауарларын өндiрудi жеңiлдетуге, оларды толық және iшiнара ұқсату процесi барысында пайдалануға арналған кейбiр тауарларды пайдалану. Мұндай операция осы тармақшаның көрсетiлген абзацтарының бiрiнде екiншi болып орындалуы мүмкiн. Бүлiнген мүлiктердi монтаждау, бұзу, бүлдiру, алып тастау және/немесе жою;
Тармақша 4
4) өзге де операциялар, мыналарды: тауарларды технологиялық жабдықтар және оларға қосалқы бөлшектер ретiнде пайдалану; тауарларды тиеу-түсiру техникасы, еркiн қоймаларда пайдаланылатын өзге де техникалық құралдар ретiнде пайдалану; көрмелер ұйымдастыру.
Тармақ 20
20. Осы Нұсқаулықтың 19-тармағында көрсетiлген еркiн қоймаларда орналастырылған тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) 1), 2) тармақшаларда көрсетiлгендерi - кедендiк органды құлақтандыра отырып;
Тармақша 2
2) 3), 4) тармақшаларда көрсетiлгендерi - кеден органының рұқсаты бойынша, мұндай рұқсаттың нысанын кеден органы белгiлейдi.
Тармақ 21
21. Осы Нұсқаулықтың 20-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген операциялар тоғыз таңбалы деңгейдегi сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасы бойынша сыныптау кодын өзгертуге байланысты, осы тауарлардың сипаттамаларын (сапаларын) өзгертуге тиiстi емес.
Тармақ 22
22. Еркiн қоймада орналасқан және кедендiк бақылауға жататын тауарлардың Заңның 208-бабына сәйкес кеден органы ұқсастыруы мүмкiн. Ұқсастырудың тәсiлiн қойма иесiнің пiкiрiн ескере отырып, кеден органы белгiлейдi.
Тарау 5. 5. Еркiн қоймада сақтаулы тауарлар туралы есеп пен есептiлiк
5. Еркiн қоймада сақтаулы тауарлар туралы есеп пен есептiлiк
Тармақ 23
23. Еркiн қоймада сақтаулы тауарлар еркiн қойманың кедендiк режимiне сәйкес мiндеттi түрде есепке алынуға жатады.
Тармақ 24
24. Еркiн қоймалардың иелерi әкелiнетiн, сақталатын, жасалатын, ұқсатылатын, сатып алынатын, сатылатын және қоймадан әкетiлетiн тауарлар туралы есеп жүргiзедi және кеден органдарына есеп берiп тұрады.
Тармақ 25
25. Еркiн қоймалардағы тауарлармен болған кез келген өзгерiстер есеп құжаттарында көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 26
26. Еркiн қоймаларды сақтаулы тауарлардың есеп нысанын қойманың иесiмен келiсiм бойынша кеден органы белгiлейдi. Бұл ретте есептеудiң жүйесiне:
Тармақша 1
1) есеп кiтабы;
Тармақша 2
2) кедендiк есеп құжаты енгiзiледi.
Тармақ 27
27. Есеп кiтабы есептің басқа да жүйелерiне пайдаланылуына қарамастан, белгiленген нысанда, оның ішінде автоматты түрде жүргiзiледi. Кiтапты жүргiзудің тәртiбiн кедендiк органдар айқындайды.
Тармақ 28
28. Есеп кiтабындағы жазбалар мынадай тәртiппен:
Тармақша 1
1) орналастырылатын тауарлар туралы - еркiн қоймаға тауарларды орналастыру сәтiнде, бiрақ тауарларды еркiн қоймаға әкету сәтiнен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей;
Тармақша 2
2) әкетiлетiн тауарлар туралы тауарларды еркiн қоймалардан тiкелей әкету кезiнде енгiзiлуi тиiс.
Тармақ 29
29. Кеден органының келiсiмiмен есеп кiтабын онда барлық қажеттi мәлiметтер болатындай жағдайда белгiленген нысаннан өзгеше жүргiзуге рұқсат етiледi.
Тармақ 30
30. Кеден органдары еркiн қоймаларға орналастырылатын және қоймалардан әкетiлетiн тауарларға кедендiк есеп құжатының нысанында есеп жүргiзедi. Кедендiк есеп құжаты ретiнде жүк-кеден Декларациясы пайдаланылады.
Тармақ 31
31. Еркiн қоймада сақтаулы, жасалатын және өңделетiн тауарларды есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi жүргiзу үшiн қолданылатын құжаттар пайдаланылады. Мұндай құжаттарда: тауарлардың атаулары мен ұқсастырылған белгiлер, олардың сапасы, тауарлар мен көлiк құралдарының еркiн қойманың шегiнде қозғалуы туралы мәлiметтер, еркiн қоймада олармен болған кез келген өзге де өзгерiстер көрсетiлген жағдайда.
Тармақ 32
32. Еркiн қоймада орналасқан тауарлардың есеп құжаттары кемiнде бес жыл сақталады.
Тармақ 33
33. Еркiн қоймаларды иеленушiлер тапсыратын еркiн қоймаларда орналасқан тауарлар туралы есептердің нысаны мен кестесiн қызмет аумағында осындай қоймалар орналасқан кеден органдары белгiлейдi. Бұл ретте есеп кеден органдарына үш айда кемiнде бiр рет берiлiп отыруы керек.
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын қолдан қолдануға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есептердің берiлуiн талап етуге құқықты. Мұндай жағдайда есептi еркiн қойманың иесi кеден органының бастығы жазбаша талап қойған күннен бастап жетi күннің iшiнде беруi тиiс.
Бөлім 6. 6. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу ушiн жауаптылық.
6. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу ушiн жауаптылық. Кеден бажын, салықтарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану 35. Кеден бажын, салықтарды алу және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану Заңның 79-бабына сәйкес жүргiзiледi. 36. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуi үшiн жауапкершiлiктi еркiн қоймаға тауарларды орналастырған адам көтередi.
Тарау 7. 7. Еркiн қойма иесiнiң еркiн қоймаларға тауарларды орналастыратын адамдармен және кеден органдарымен өзара қатынасы
7. Еркiн қойма иесiнiң еркiн қоймаларға тауарларды орналастыратын адамдармен және кеден органдарымен өзара қатынасы 37. Еркiн қоймалардың иелерi мен еркiн қоймаларға тауарларды орналастырушы адамдардың қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. 38. Еркiн қоймалардың иелерi кеден органдарымен еркiн қоймалардың иелерiмен кеден органдары бiрлесiп бекiткен өзара қатынастың сызба-жобасы бойынша әрекет етедi.
Тарау 8. 8. Еркiн қойманы тарату
8. Еркiн қойманы тарату
Тармақ 39
39. Еркiн қойманы тарату туралы талап Кеден комитетi бұйрығының нысанында қабылданады.
Тармақ 40
40. Еркiн қойманы тарату туралы шешiм қабылданған сәттен бастап еркiн қоймада орналасқан барлық тауарлар уақытша қоймада сақтаулы және таңдап алынған кедендiк режимге сәйкес кедендiк ресiмделуге жатады деп есептелiнедi.
Тармақ 41
41. Еркiн қойманы тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.