Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарықобда, Болгарка ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сарықобда ауылдық округіне қарасты төмендегі елді мекендерге көше атаулары берілсін. Сарықобда ауылының көшелеріне: № 1 көшеге Әлия Молдағұлова, № 2 көшеге Жастар, № 3 көшеге Орталық Болгарка ауылының көшелеріне: № 1 көшеге Кердері Әбубәкір № 2 көшеге Орталық № 3 көшеге Жұмысшы № 4 көшеге Қарымсақ Теңізбаев № 5 көшеге Достық № 6 көшеге Желтоқсан № 7 көшеге Тәуелсіздік № 8 көшеге Жағалау № 9 көшеге Ерлік № 10 көшеге Жастар № 11 көшеге Наурыз
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.