Об утверждении Правил присвоения персонального идентификационного номера организациям, осуществляющим производство этилового спирта и алкогольной продукции, хранение и реализацию этилового спирта, хранение и оптовую реализацию алкогольной продукции Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімін сақтау және көтерме сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға дербес сәйкестендірме нөмір тағайындау Тәртібін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен. Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімін сақтау және көтерме сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға дербес сәйкестендірме нөмір тағайындау Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықты нормативтік реттеу бөлімі (Лепесбаев А.С.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімін сақтау және көтерме сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға дербес сәйкестендірме нөмір тағайындау Тәртібі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет Төрағасының 9.11.1999 ж. N 257 бұйрығымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімін сақтау және көтерме сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға дербес сәйкестендірме нөмір тағайындау Тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртіпте келесі ұғымдар пайдаланылады: Комитет - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет; дербес сәйкестендірме нөмір-код - шаруашылық субъектісіне тағайындалатын тұрақты сәйкестендірме нөмір, мемлекеттік лицензия негізінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы қызметіне жүзеге асырады; көлік жөнелтпе құжат - Қазақстан Республикасы аумағында этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі мен айналымының жариялылығын дәлелдейтін қоса берілетін құжат.
Тармақ 2
2. Дербес сәйкестендірме нөмір - код (бұдан әрі - ДСН-код) мына жағдайларда пайдаланылады; лицензиаттарды есепке алуды жүйелендіруге және тәртіптендіруге; лицензиаттардың заңды сақтауы жөніндегі ақпараттарды тоғыспалы тексеруді жүргізуде; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің бөлімшелері арасындағы уақтылы жедел ақпаратты алуда;
Тармақ 3
3. Дербес сәйкестендірме нөмір шаруашылық жүргізуші субъектіге - заңды немесе жеке тұлғаға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға лицензиясы болған жағдайда ғана беріледі.
Тармақ 4
4. Лицензиаттарға ДСН-кодты беру және оны күшіне ендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет регламенттейді.
Тармақ 5
5. Лицензиаттың ДСН-коды этил спирті мен алкоголь өнімінің көлік жөнелтпе құжатында міндетті түрде көрсетілуі керек.
Тармақ 6
6. ДСН-код бір-ақ рет беріледі және лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
Тарау 2. 2. Дербес сәйкестендірме нөмірдің құрылымы
2. Дербес сәйкестендірме нөмірдің құрылымы
Тармақ 7
7. ДСН-ді құру үшін фасеттік кодтау жүйесі қабылданған. ДСН-нің құрылымы келесі сызбада көрсетілген: | | | |____ реттік нөмір | _____ облыс кодтары Бірінші фасет - облыс кодтары. Екінші фасет - лицензиаттың реттік нөмірі. Облыстарды кодтау төмендегідей белгіленген: - Ақмола - 01; - Ақтөбе - 02; - Алматы - 03; - Атырау - 04; - Шығыс Қазақстан - 05; - Жамбыл - 06; - Батыс Қазақстан - 07; - Қарағанды -08; - Қостанай -09; - Қызылорда -10; - Маңғыстау -11; - Павлодар -12; - Солтүстік Қазақстан -13; - Оңтүстік Қазақстан -14; - Алматы қаласы -15; - Астана қаласы -16; Этил спиртін өндірушілерге 1-ден бастап 99-ға дейінгі реттік нөмір беріледі; Алкоголь өнімін өндірушілерге (оның ішінде сыра өндірушілерге) 100-ден бастап 999-ға дейінгі реттік нөмір беріледі. Этил спирті мен алкоголь өнімі айналымы саласында әрекетті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге 1000-нан бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмір беріледі.
Тарау 2. 2. Дербес сәйкестендірме нөмірді беру тәртібі
2. Дербес сәйкестендірме нөмірді беру тәртібі
Тармақ 8
8. ДСН-кодты алу үшін лицензиат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі комитетіне белгіленген формадағы екі дана карточканы өткізеді.
Тармақ 9
9. Тіркеу карточкалары екі түрге бөлінеді: - этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы саласында әрекетті жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеу карточкасы (N 1-қосымша); - этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы саласында әрекетті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеу карточкасы (N 2 қосымша);
Тармақ 10
10. ДСН-кодты алу үшін тіркеу карточкасының бір данасы лицензиатқа қайтарылады, ал екінші данасы комитетте сақталынады.
Тармақ 11
11. Тіркеу карточкаларындағы мәліметтер заңда белгіленген жағдайлардан басқа жағдайларда жариялануға жатпайды.
Басқа 19. Заңды тұлғаға берілген ДСН-кодтың тіркеу карточкасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті Төрағасының 9.11.1999 ж. N 257 бұйрығымен N 1-қосымша Заңды тұлғаға берілген ДСН-кодтың тіркеу карточкасы ___________________________________________________________________ __________!___________!__________!___________!____________!________ СТН ___________________________________________________ Ұйымның атауы _______________________________ Лицензиаттың мекен-жайы филиал, Телекоммуникация жабдықтары ________________________________________________ ________________________________________________ Лицензия (N берілген мерзімі, әрекет уақыты __________________ _______________________________________________________________ Мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет______________________________ Коды_________________________________________________________ Устав фонды____________________________________________________ Заңды тұлғаның мем.тіркелгені туралы куәлігі___________________ Лицензиат туралы басқа мәліметтер:_____________________________ әрекеттер______________________________________________________ меншіктік форма________________________________________________ филиалдар (қоймалар)___________________________________________ Банк реквезиті (банк, есеп айырысу шоты, валюта айырысу шоты) Ұйым жетекшісінің қолы:________________________________________ М.О. Мерзімі______________ Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет Төрағасы
Басқа 20. Жеке кәсіпкерге берілген ДСН-кодтың тіркеу карточкасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті Төрағасының 9.11.1999 ж. N 257 бұйрығымен N 2-қосымша Жеке кәсіпкерге берілген ДСН-кодтың тіркеу карточкасы ____________________________________________________________________ __________!___________!__________!___________!____________!_________ СТН ___________________________________________________ Аты-жөні ______________________________________________ Туған жылы ____________________________________________ Төлқұжат мәліметтері:__________________________________ Сериясы____ Нөмірі____ Қашан берілген ____Берген ұйым__ Лицензия (N берілген мерзімі, әрекет уақыты _______ ________________________________________________________ Мына адрес бойынша тіркелген: Индекс ________________________________________________ Облыс/қала ____________________________________________ Қала/аудан ___________________________________________ Ауыл/село _____________________________________________ Көшенің аты ___________________________________________ Үйдің нөмірі (шағын аудан) ____________________________ Телефон нөмірі ________________________________________ Пәтер нөмірі __________________________________________ Мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет: Нөмір тіркеушініің атауы ______________________________ Мем. реестрдегі N _____________________________________ Тіркеу мерзімі_________________________________________ Лицензиат туралы басқа мәліметтер: Лицензияланатын әрекет түрлері_________________________ Жекеменшік формасы_____________________________________ Банк реквизиті (банк, N есеп айыру шоты, N валюта айыру шоты) _______________________________________________________ Жеке кәсіпкердің қолы: ________________________________ М.О. Мерзімі ________________________ Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет Төрағасы