О присвоении наименований улиц Қолданыста
Басқа 0
Көшелерге атаулар беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес 2009 жылдың 14 мамырдағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып Бурабай кентінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бурабай кентіндегі көшелерге атаулар беру: № 1 көшеге - Біржан сал атауын, № 2 көшеге - Бөгембай батыр атауын, № 3 көшеге - Андықожа батыр атауын, № 4 көшеге - Үкілі Ыбырай атауын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурбай кенті әкімінің орынбасары Б.М.Патсаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.