Об утверждении Правил проведения конверсии радиочастотного спектра и методики технико-экономического обоснования затрат на проведение конверсии радиочастотного спектра Күшін жойған
Басқа 0
Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу ережесі мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту туралы
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу ережесі;
Тармақша 2
2) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 маусымдағы
N 990 қаулысымен
бекітілген
Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Радиожиілік спектрін конверсиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 14-2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Ереже әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешу және радиожиілік ресурсының шектелімділігіне байланысты коммерциялық пайдалану үшін радиожиілік спектрі конверсиясының рәсімдерін жүргізу тәртібін анықтайды.
Тармақ 3
3. Радиожиілік спектрінің конверсиясын ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Қолданылатын терминдер мен анықтамалар
2. Қолданылатын терминдер мен анықтамалар
Тармақ 4
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады әлеуметтік маңызы бар міндеттер - оларды шешу ақпараттық теңсіздікті еңсеруге және халықтың қалың топтарының телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне қол жеткізуін және сымсыз кең белдеулі қол жеткізуді, оның ішінде олардың тиімсіз болуына байланысты қол жетімсіз болып отырған белгілі бір аумақта қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер;
байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметін алатын жеке немесе заңды тұлға;
жалпы іс-шаралар - тұтас алғанда радиожиілік спектрін конверсиялау немесе радиожиілік спектрінің белгілі бір ауқымын конверсиялау бағдарламасын немесе белгілі бір кезең ішінде жүргізілетін конверсиялық іс-шараларды іске асыруға қажетті міндеттерді шешу үшін жүргізілетін жұмыстар;
радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
радиожиілік спектрін коммерциялық пайдалану - бұл жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде резидент еместердің байланыс, телевизия немесе радио хабарларын тарату саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру кезінде инфрақұрылым құру мақсатында радиотехнологияларды пайдалануы;
радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен пайдалануды кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиілік белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 3. 3. Конверсиялау рәсімдері
3. Конверсиялау рәсімдері
Тармақ 5
5. Радиожиілік спектрін алуға мүдделі заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, өздеріне радиожиілік спектрінің берілуіне мүдделілік білдірген мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мүдделі мемлекеттік органдар) ұсыныстарымен уәкілетті органға жүгінеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган кезекті кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыратын жылдың алдындағы жылдың 20 тамызынан кешіктірмей ұсынылған өтінімдерді жинақтайды.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган жеті күнтізбелік күн ішінде мәлімделетін жиілік ауқымдарында жұмыс істейтін мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) келіп түскен ұсыныстарды жолдайды.
Тармақ 8
8. Ұсыныс келіп түскен мемлекеттік орган өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға мәлімделетін жиілік ауқымын босату мүмкіндігі туралы жазбаша жауап жолдайды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік орган мәлімделетін жиілік ауқымын босатуға оң шешім қабылданған жағдайда өтініш келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу үшін қажетті шығындар есебін және мәлімделетін ауқымды босату жоспарын ұсынады. Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге арналған қажетті шығындар есебі радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесі негізінде анықталады.
Тармақ 10
10. Коммерциялық пайдалану үшін радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу үшін мемлекеттік орган қажетті шығындар есебі мен мәлімделетін жиілік ауқымын босату жоспарын ұсынғаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган мүдделі тұлғаға оның конверсия жүргізуге қатысуын және оның төлем қабілеттілігін растау туралы сұрау салуды жолдайды.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік маңызы бар міндеттер үшін радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу үшін мемлекеттік орган конверсия жүргізу үшін қажетті шығындар есебі мен мәлімделетін жиілік ауқымын босату жоспарын ұсынғаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органға оның конверсия жүргізуге қатысуын растау туралы сұрау салуды жолдайды.
Тармақ 12
12. Мүдделі тұлға уәкілетті органнан сұрау салу келіп түскен күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған соманың жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдігін қоса бере отырып, өзінің бас тартуы туралы хабарлайды немесе өзінің қатысуын растайды.
Тармақ 13
13. Мүдделі мемлекеттік орган уәкілетті органнан сұрау салу келіп түскен күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде өзінің бас тартуы туралы хабарлайды немесе өзінің қатысуын растайды.
Тармақ 14
14. Мүдделі тұлға және (немесе) мүдделі мемлекеттік органдар конверсия жүргізуге қатысуын растаған жағдайда уәкілетті орган жиырма жұмыс күні ішінде радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу жөнінде шешім қабылдау үшін комиссияның отырысын ұйымдастырады.
Тармақ 15
15. Бір жиілік ауқымына бір мүдделі тұлға болған жағдайда мемлекеттік орган ұсынған радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу үшін жұмсалатын қажетті шығындар есебі конверсия жүргізуге жұмсалатын шығыстарды өтеу болып табылады.
Тармақ 16
16. Бір ғана жиілік ауқымына мүдделі тұлға (мүдделі тұлғалар) және мүдделі мемлекеттік орган (мүдделі мемлекеттік органдар) мүдделілік білдірген жағдайда комиссия мемлекеттік басымдықтарды ескере отырып шешім қабылдайды.
Мемлекеттік орган ұсынған радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу үшін жұмсалатын қажетті шығындар есебі конверсия жүргізуге жұмсалатын шығындарды өтеу болып табылады.
Тармақ 17
17. Бір ғана жиілік ауқымына бірнеше мүдделі тұлғалар болған жағдайда комиссия оң шешім кезінде уәкілетті органға отыз күнтізбелік күн ішінде ашық конкурс өткізуді ұсынады. Конкурстың бастапқы бағасы мемлекеттік орган ұсынған радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған шығындарға тең болады.
Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін шығындарға неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы конкурс жеңімпазы болып анықталады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган кезекті кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру мақсатында жеті күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік органға радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге мәлімделетін сома туралы хабарлайды.
Мемлекеттік орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде мүдделі тұлғаның немесе конкурс жеңімпазының тиісті сомаға банктік кепілдігінің көшірмелерін қоса бере отырып, радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығыстарды көздейді.
Тармақ 19
19. Егер конверсияны жүргізуге жұмсалатын шығыстар тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделетін болса, мүдделі тұлға немесе конкурс жеңімпазы конверсияны жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыратын жылдың 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне біржолғы төлемді толық көлемде енгізеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік органның осы Ереженің 18-тармағында көзделген мерзімде біржолғы төлем толық немесе уақтылы төленбеген жағдайда радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге бағытталған шығыстар бойынша міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді.
Тармақ 21
21. Конверсия жүргізу бойынша өткізілген барлық іс-шаралардан кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымындағы жиіліктер белдеулерін Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында бөлу кестесіне өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс енгізеді (қажет болған жағдайда).
Басқа 1. Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 маусымдағы
N 990 қаулысымен
бекітілген
Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Әдістеменің мақсаты радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу жөніндегі жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеудің жалпы, бірыңғай әдістемелік амалдарын пысықтау болып табылады.
Тармақ 3
3. Бөлімдердің құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ ТЭН-де көрсетілуі тиіс мәселелердің көпшілік бөлігі айқын салалық ерекшелігі жоқ стандарттық мәселелер болып табылады.
Тармақ 4
4. Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу жобаларының ТЭН-ін әзірлеу барысында қиындықтарға алып келуі мүмкін бірқатар ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді көрсету - осы Әдістеменің басты мақсаты болып табылады.
Тарау 2. 2. Пайданылатын терминдер мен анықтамалар
2. Пайданылатын терминдер мен анықтамалар
Тармақ 5
5. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
жалпы іс-шаралар — тұтас алғанда радиожиілік спектрін конверсиялау немесе радиожиілік спектрінің белгілі бір ауқымын конверсиялау бағдарламасын немесе белгілі бір кезең ішінде жүргізілетін конверсиялық іс-шараларды іске асыруға қажетті міндеттерді шешу үшін жүргізілетін жұмыстар;
радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен пайдалануды кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 3. 3. Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың есебі
3. Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың есебі
Тармақ 6
6. Конверсия жүргізу үшін мәлімделетін жиілік ауқымдарында жұмыс істейтін мемлекеттік орган конверсия жобасын іске асырудың бүкіл мерзіміне (жылдар бойынша), сондай-ақ жеке уақыт кезеңдеріне (тоқсан бойынша) радиожиілік спектрінің белгілі бір ауқымы бойынша радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге қажетті шығындардың құнын анықтауы қажет.
Тармақ 7
7. Радиожиілік спектріне қажеттілік болжамының негізінде және мемлекеттік басымдықтарды ескере отырып, жылдар бойынша және тоқсан бойынша бөлінген радиожиіліктерді босату жоспары (бұдан әрі - Жоспар) әзірленеді. Жоспарда мыналар көрініс табуы тиіс:
Тармақша 1
1) босату жоспарланып отырған радиожиілік спектрінің ауқымдары;
Тармақша 2
2) конверсия үшін жоспарланып отырған радиожиілік спектрінің әрбір ауқымын босату үшін қолданылатын әдістер. Осы Әдістемеге қосымшада келтірілген радиожиілік спектрінің ауқымдарын босатудың ықтимал әдістерінің сипаттамасы;
Тармақша 3
3) қандай да бір конверсиялық іс-шара жүргізілетін кезең;
Тармақша 4
4) әрбір іс-шараның негізгі мазмұны;
Тармақша 5
5) радиожиілік спектрінің конверсиясы бойынша іс-шаралардың әрқайсысының жауапты орындаушылары.
Тармақ 8
8. Жоспарланған іс-шаралардың әрқайсысы бойынша шығындарды есептеу, олардың әрқайсысы үшін баптар бойынша шығындар сметасын әзірлеу қажет. Шығындар баптарының тізбесі әрбір нақты іс-шараның мазмұнына, мәніне байланысты қалыптасады.
Тармақ 9
9. Радиоэлектрондық құралдарды босатуға және орналастыруға жұмсалатын жиынтық шығындар мынадай формуламен көрсетілуі мүмкін:
n
S = Е S i , (1)
i=1
мұнда:
S - радиоэлектрондық құралдарды босатуға және орналастыруға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы;
S i - жалпы және жеке ұйымдастыру-техникалық іс-шараларына жұмсалатын шығындардың жекелеген түрлері.
Тармақ 10
10. Радиожиілік спектрінің қандай да бір ауқымын босатуға арналған барлық іс-шаралар жалпы және жеке болып бөлінеді.
Тармақ 11. 1-кесте. Жалпы және жеке ҰТІ тізбесі
11. Жалпы және жеке ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының (бұдан әрі - ҰТІ) тізбесі 1-кестеде ұсынылған.
1-кесте. Жалпы және жеке ҰТІ тізбесі
Р/с
N
Жалпы ҰТІ
Р/с N
Жеке ҰТІ
1
2
3
4
S 1
Спектрді босату нәтижелеріне талдау жүргізу және осы үдерістің қалыптасқан инфрақұрылымға әсері
S 4
Жаңа жиілік ауқымында инфрақұрылымды қалпына келтіруге жобалау құжаттамасын дайындау.
S 2
Мемлекеттік реттеу органдарына радиоэлектрондық құралдар қызметін тоқтату туралы техникалық құжаттама мен хабарлама дайындау.
S 5
Радиожиілік спектрін сараптау, жаңа жиілік ауқымында жаңадан енгізілетін радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі мен бөгеуілден қорғалуын талдау бойынша жұмыстар жүргізу.
S 3
Жаңа жиілік ауқымында радиоэлектрондық құралдардың жиіліктік-аумақтық бөліну нормаларын әзірлеу.
S 6
Жаңа жиілік ауқымында жабдықтар сатып алу.
S 7
Жаңа жиілік ауқымында радиоэлектрондық құралдарды қайта жаңарту жөніндегі құрылыс және монтаждау жұмыстары.
S 8
Қайта оқыту шығындары.
S 9
Радиоэлектрондық құралдар топтамасын бөлшектеу.
S 10
Ескі бөлшектелген жабдықты кәдеге жарату.
Тармақ 12
12. Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізудің экономикалық тиімділігін шынайы бағалау мақсатында, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем есебін негіздеу мақсатында радиожиілік спектрінің әрбір босатылатын ауқымы бойынша шығындарды бөлек есептеуді қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 13
13. Радиожиілік спектрінің конверсиясы жөніндегі тікелей шығындарға белгілі бір операторға бекітіп берілген радиожиілік спектрінің ауқымын босату мақсатында жүргізілетін жеке іс-шараларға арналған шығыстарды жатқызуға болады. Радиожиілік спектрінің ауқымын босатуға жұмсалатын тікелей шығыстар мынадай формула бойынша анықталады:
Q = Q 1 +Q 2 +Q 3 +...+Q n (2),
мұнда:
Q - спектрдің қаралып отырған ауқымын босатуға жұмсалатын тікелей шығындар;
Q n - спектрдің қаралып отырған ауқымының жиілігін босату жөніндегі n-інші жеке іс-шара шығындары.
Тармақ 14
14. Босатылатын радиожиілік ауқымдары бойынша барабар бөлінуі тиіс жалпы іс-шараларға жұмсалатын шығыстарды жанама шығынға жатқызу керек. Ол үшін, бірінші кезекте, жоспарланған жалпы іс-шаралар босатылатын қандай радиожиіліктерге қатысты болатындығын анықтау қажет: ол ғылыми-зерттеу жұмыстары бола ма немесе бүкіл радиожиілік спектрін босату проблемаларын шешу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар бола ма, немесе бұл жұмыстар радиожиілік спектрінің белгілі бір ауқымын босату проблемаларына қатысты бола ма. Осыған байланысты шығындар радиожиілік спектрінің босатылатын ауқымына немесе белгілі бір жиілігіне бөлінуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Жанама шығындарды бөлу төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады.
Тармақша 1
1) 1-нұсқа. Жанама шығындарды радиожиілік спектрінің ауқымдары бойынша барабар есептелген тікелей шығындарға бөлу.
Q
K= -----.K жалпы
Q жалпы (3),
мұнда:
К - радиожиілік спектрінің ауқымын босату жөніндегі жанама шығыстар;
Q — радиожиілік спектрінің ауқымын босату жөніндегі тікелей шығыстар;
Q жалпы - барлық тікелей шығыстар;
К жалпы - жоба бойынша барлық жанама шығыстар.
Тармақша 2
2) 2-нұсқа. Жанама шығындарды радиожиілікті иелікке берудің жоспараланатын санына барабар бөлу.
L
K= -----.K жалпы
L жалпы (4),
мұнда:
L — радиожиілік спектрінің қарастырылып отырған ауқымындағы радиожиілікті иелікке берудің жоспарланатын саны;
L жалпы - жиілікті иелікке берудің барлық жоспарланатын саны.
Тармақша 3
3) 3-нұсқа. Жанама шығындарды радиожиілік спектрінің босатылатын ауқымдарын пайдалануға алатын операторлардың болжамды кірістеріне барабар бөлу.
V
K= -----.K жалпы
V жалпы (5),
мұнда:
V - радиожиілік спектрінің қарастырылып отырған ауқымындағы операторлардың болжамды кірістері;
V жалпы - операторлардың барлық болжамды кірістері. Радиожиілік спектрінің ауқымын босатуға жұмсалатын толық шығындар тікелей және жанама шығыстардың сомасын білдіреді, яғни:
S = Q + К (6),
Тармақ 16
16. Жоспарлы кезеңде конверсиялау жоспарланып отырған радиожиілік спектрінің ауқымын босатуға жұмсалатын шығындар радиожиілік спектрінің қарастырылып отырған ауқымында осы кезеңде босату жоспарланып отырған жиілік ауқымының үлесіне барабар есептеледі.
C n
S n = ------.S
C (7),
мұнда:
S n - радиожиілік спектрі ауқымының бөлігін n-інші кезеңде босатуға жұмсалатын шығындар;
C n - n-інші кезеңде босатылатын радиожиілік спектрінің қарастырылып отырған ауқымының өлшемділігі көрсеткіші;
С - радиожиілік спектрінің қарастырылып отырған ауқымының мөлшері.
Тармақ 17
17. Жоспарлы кезеңде конверсиялауға жұмсалатын жалпы шығындар радиожиілік спектрінің әрбір ауқымы бойынша конверсиялауға жұмсалатын шығындардың сомасы ретінде анықталады.
S = S 1 +S 2 +S 3 +...+S n (8),
Тармақ 18
18. Жобаны іске асырудың 2-ші және одан кейінгі жылдарына арналған шығындар болжамын макроэкономикалық және мезоэкономикалық (салалық) үрдістерді ескере отырып жүзеге асыру қажет. Тұтастай және сала бойынша халық шаруашылығындағы жалақының өсу серпінін, тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеру серпінін ескеру қажет. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, үкіметтік бағдарламалар мен жоспарлардың деректері осындай ақпарат көзі бола алады.
Тармақ 19. 2-кесте. Радиожиілік спектрін конверсиялау жобасын қаржыландыру көлемінің болжамы
19. Жобаны қаржыландырудың жиынтық көлемінің болжамын 2-кестеде стандартты нысанды толтыру жолымен жылдар бойынша бөле отырып жүзеге асыру қажет.
2-кесте. Радиожиілік спектрін конверсиялау жобасын қаржыландыру көлемінің болжамы
1-жыл
2-жыл
...
n-інші жыл
Кезеңнің басындағы қаражат қалдығы
Барлығының кіріс ағындары, оның ішінде
Бағдарламаны қаржыландыру
Өзге түсімдер
Барлық шығыс ағындары, оның ішінде
Жеке конверсиялық іс-шараларға жұмсалатын шығындар
Жалпы конверсиялық іс-шараларға жұмсалатын шығындар
Кезең соңындағы қаражат қалдығы
Ақша қаражатының таза ағыны
Ақша қаражатының дисконтталған таза ағыны
Тармақ 20
20. 2-кестедегі шығыс бөлігін толтырған кезде жоғарыда көрсетілген жанама шығындарды бөлуді есепке алмай, іс жүзінде жұмсалатын сол кезеңдегі шығындарды көрсету қажет.
Тармақ 21
21. Есептеу үшін дисконттау ставкасын анықтау қажет. Дисконттау ставкасының көмегімен мүдделі тұлғаның болжамды кірісті алу құқығы үшін төлейтін сома анықталады.
Тармақ 22
22. Дисконттау ставкасын анықтау үшін "тәуекел үшін сыйлықақыны" бағалаудың кумулятивтік әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдістің негіздері:
Тармақша 1
1) егер инвестициялардың тәуекелі жоқ болса, онда инвесторлар өз капиталына тәуекелі жоқ кіріс (яғни тәуекелсіз активтерге салынатын кіріс нормасына сәйкес келетін кіріс нормасын) талап етер еді;
Тармақша 2
2) инвестор жоба тәуекелін қаншалықты жоғары бағалайтын болса, ол соғұрлым оның кірісіне жоғары талаптар қояды.
Тармақ 23
23. Дисконттау ставкасын есептеу кезінде "тәуекел үшін сыйлықақыны" ескеру қажет. Тиісінше, дисконттау ставкасын есептеу формуласы былайша көрсетілетін болады:
R = R f +R 1 +... + R n (9),
мұнда:
R - дисконттау ставкасы;
R f - тәуекелі жоқ кіріс ставкасы;
R 1 +... + R n - тәуекелдің түрлі факторлары бойынша тәуекел сыйлықақылары.
Тармақ 24
24. Жобалардың тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда кумулятивтік әдісті пайдаланған кезде тәуекелдің үш түрін ескеру ұсынылады:
Тармақша 1
1) елдің тәуекелі;
Тармақша 2
2) жобаға қатысушылардың сенімсіздігі тәуекелі;
Тармақша 3
3) жобада көзделген кірістерді ала алмай қалу тәуекелі.
Тармақ 25. 3-кесте. Жобада көзделген кірістерді ала алмай қалу тәуекеліне жасалатын түзетулер
25. Жобада көзделген кірістерді алмай қалу тәуекелін түзетуді жобаның мақсатына қарай белгілеу ұсынылады (3-кесте).
3-кесте. Жобада көзделген кірістерді ала алмай қалу тәуекеліне жасалатын түзетулер
Тәуекелдің мөлшері
Жобаның мақсаты
Тәуекелге жасалатын түзетулер, %
Төмен
Негізгі техника базасында өндірісті дамытуға салынатын салымдар
3-5
Орташа
Қазіргі бар өнімдерді сату көлемін ұлғайту
8-10
Жоғары
Жаңа өнім шығару және оны нарықта ілгерілету
13-15
Өте жоғары
Зерттеулер мен инновацияларға салынатын салымдар
18-20
Тарау 4. 4. ТЭН-нің сипаттамасы
4. ТЭН-нің сипаттамасы
Тармақ 26
26. ТЭН-нің кіріспе бөлігінде шешімін табу үшін жобаны іске асыру болжанатын проблемаларды сипаттау, жобаның сыртқы ортасын және оны іске асыруға ықпал ететін факторларды сипаттау қажет.
Тармақ 27
27. ТЭН-де оларды шешу конверсиялау жобасында жүзеге асырылатын телекоммуникацияның қандай да бір қызметтері нарығының өсуіне кедергі келтіретін радиожиілік ресурсының жетіспеушілігі, тапшылығы сияқты проблемаларды көрсету қажет.
Тармақ 28
28. Байланыс операторы үшін жобаның мақсаты - телекоммуникация қызметтерін көрсетуге және кіріс пен табыс алуға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайда радиожиілік спектрінің ауқымын пайдалануға құқық алу.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік орган үшін жобаның мақсаты - өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекет берген радиожиілік спектрінің ауқымын босату жөніндегі іс-қимылдарды неғұрлым аз зиянмен орындау.
Тармақ 30
30. Мемлекет үшін жобаның мақсаты - қоғам мүддесі үшін радиожиілік спектрінің ауқымын пайдалану тиімділігін арттыру.
Тармақ 31. 4-кесте. Жобаларды топтастыру
31. Жобада радиожиілік спектрінің ауқымдарында босатылатын қандай технологияларды дамыту көзделетіндігін көрсету қажет. Радиожиіліктерді конверсиялау жөніндегі жобалар радиожиілік спектрінің босатылуға жататын ауқымдары бойынша және оларда пайдалану көзделетін радиотехнологиялар бойынша топтастырылады. Конверсиялау жобаларын анағұрлым перспективасы және әлеуметтік маңызы бар радиотехнологиялар бағыттары бойынша топтастыру 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте. Жобаларды топтастыру
Топтың атауы
Радиотехнологиялар
Радиожиілік спектрінің ауқымдары
Цифрлық телевизиялық хабарлар тарату
Цифрлық жерүсті телехабарлар тарату
174 - 230 МГц
470 - 862 МГц
Цифрлық радио хабарларын тарату
Цифрлық жерүсті радио хабарларын тарату
3 - 30 МГц
174 - 230 МГц
1453 - 1492 МГц
Ұялы жылжымалы байланыс
GSМ-900, GSМ-1800, 3G
873 - 960 МГц
1710- 2170 МГц
Сымсыз қол жетімділік жүйелері
802.11 (Wi-Fі), 802.16 (WiМАХ)
2300 - 2400 МГц
2400 - 2484 МГц
2500 - 2700 МГц
5725 - 5925 МГц
VSАТ
Жерсеріктік цифрлық байланыс желісі
12/14 ГГц
17/19 ГГц
20/30 ГГц
ТЕТRА
Цифрлық транкинг
380 - 470 МГц
Тармақ 32
32. Жобада мынадай техникалық-технологиялық шешімдерді көрсету қажет:
Тармақша 1
1) іске асырудың технологиялық шешімдерінің талдамасы, таңдалған нұсқаны, қажетті жабдық санын және орналасқан жердің таңдалуын негіздеу;
Тармақша 2
2) технология мен жабдықтың таңдалуын негіздеу;
Тармақша 3
3) кешеннің құрамы мен жабдықтың сипаттамасы;
Тармақша 4
4) өлшеу жабдығының ұсынылатын ең төменгі қажетті жиынтығы;
Тармақша 5
5) жобаның инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі;
Тармақша 6
6) техникалық тәуекелдерді бағалау.
Басқа 1-1. 5-кесте. Радиожиілік спектрін босату әдістері
Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге
жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық
негіздемесінің әдістемесіне
қосымша
5-кесте. Радиожиілік спектрін босату әдістері
Р/с
N
Радиожиілік спектрін босату әдістері
Әдістің мәні
Іске асыру ерекшеліктері
Конверсиялауға жұмсалатын шығындардың түрлері
1
2
3
4
5
1
Үкіметтік және бірлесіп қолданатын белдеулерді қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардан босату.
1. Үкіметтік мақсаттағы қолданыстағы радиоэлектрондық құралдарды жаңғырту және жаңа техника сатып алу жолымен басқа жиілік ауқымдарына ауыстыруды көздейді.
Едәуір қаржы және уақыт шығындарын талап етеді.
Жабдықтар сатып алу мен орнатуға жұмсалатын шығындар. Қолданыстағы радиоэлектрондық құрылғылардың уақытша тұрып қалуына байланысты шығындар. Реттеуші органның Мүдделі тұлғаға радиожиілік спектрін беру шығындары.
2. Қолданыстағы қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары қондырғыларының жұмыс ауқымдары шегінде қайта құруды көздейді және басқа ауқымдарда жұмыс істеу үшін оларды жаңғырту мен жаңа прототипін әзірлеп шығаруды көздемейді.
Едәуір қаржы және уақыт шығындарын талап етпейді.
Қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардың уақытша тұрып қалуына байланысты шығындар. Реттеуші органның Мүдделі тұлғаға радиожиілік спектрін беру шығындары.
3. "Бос" жиілік ресурсын анықтау және артық жиілік ресурсын беру жөніндегі шарттарды анықтау мақсатында спектрге тексеру жүргізу.
Кішігірім қаржы және уақыт шығындарын талап етеді.
Реттеуші органның Мүдделі тұлғаға радиожиілік спектрін беру шығындары.
2
Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың қажетті жиілік ресурсын беру мақсатында үкіметтік мақсаттағы қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардың жиіліктерін жұмыс ауқымы шегінде ұтымды қайта жоспарлау (қайта тағайындау).
Ортақ жиілік ауқымдарында және аумақтық аудандарда үкіметтік мақсаттағы қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардың және азаматтық санаттағы жаңа радиоэлектрондық құралдардың қолайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірлесіп қолдану шарттарын анықтау және іске асыру.
Қаржы шығындарын талап етеді.
Реттеуші органның Мүдделі тұлғаға радиожиілік спектрін беру шығындары.
3
Ортақ жиілік жолағында бірлесіп жұмыс істеу шарттарын анықтау.
1.Ұйымдастыру әдісі. Жаңа жүйеге беру үшін таңдап алынған жиілік жаңа жүйені дамыту жоспарланатын сол жиілік жолақтарында және сол аумақтарда жұмыс істейтін қолданыстағы радиоэлектрондық құралдары бар ведомствоның келісімімен беріледі.
Салыстырмалы түрде алғанда кішігірім қаржы және уақыт шығындарын талап етеді. Шектеулі мүмкіндіктер
Реттеуші органның жаңа операторға радиожиілік спектрін беру шығындары.
2. Ұйымдастыру-техникалық әдіс. Ортақ жиілік жолақтарында және аумақтық аудандарда қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардың жаңа радиоқызметтерімен бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған арнаулы схема-техникалық шешімдерді іске асыру (қосымша жиілік сүзгілерін, бөгеуіл компенсаторларын, басқарылатын бағыттау диаграммалары бар қабылдау-тарату антенналарын, уақытша кодтық және поляризациялық селектрлейтін қондырғылар мен санамаланған шешімдердің комбинацияларын әзірлеу және пайдалану) және бірлесіп пайдалану шарттарын одан әрі қарай келісу.
Алдыңғы әдіспен салыстырғанда анағұрлым едәуір қаржы және уақыт шығындарын талап етеді.
Жобалау жұмыстарының шығындары. Радиоэлектрондық құралдарды сатып алу және монтаждау шығындары. Реттеуші органның жаңа операторға радиожиілік спектрін беру шығындары.
4
Мына жағдайларда перспективасы бар радиотехнологияларды дамыту үшін радиожшлік спектрін босату:
Әдістің алғышарттары мыналардың:
Реттеуші органның жаңа операторға радиожиілік спектрін беру шығындары.
- байланыс операторына берілген лицензиялардың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
- лицензиялардың қолданылу;
Ұзаққа созылуы (өзектілігін жоғалтуы мүмкін).
- радиоэлектрондық құралдарды пайдалану мерзімінің аяқталуы;
- радиоэлектрондық құралдарды пайдалану;
Кішігірім қаржы шығындары талап етіледі.
- қолданыстағы азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың жұмыс жиіліктерін басқа жиілік ауқымдарына қайта тағайындау (қайта құру).
- жиілік ресурсына құқық иелену шешімдері мен рұқсаттарының қолданылу мерзімдерінің шектеулі болуына байланысты.
Белдеулердің санаттары өзгермейді.