О переименовании составных частей села Березовки Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Березовка аулының құрамдық бөлімдерінің атауын ауыстыру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Глубокое  ауданының Березовка ауылының тұрғындарының пікірлерін ескере отырып ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданының Березовка ауылының келесі көшелерінің атауы: Ленин көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне; Киров көшесі Қаныш Сәтпаев көшесіне; Калинин көшесі Дінмұхамет Қонаев көшесіне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.