О передаче инженерных коммуникаций объектов социальной сферы на баланс специализированных эксплуатирующих предприятий Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік сала обьектілерінің инженерлік коммуникацияларын мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындардың балансына беру туралы
Қалалар және аудандардың инженерлік коммуникацияларын пайдалануға талдау жасау барысында төмендегі талаптардың орындалмауы анықталды:
- обьектілерді пайдалануға беру кезінде сыртқы коммуникацияларды пайдаланушы үйымдардың "Қүрылысы аяқталған обьектілерді пайдалануға қабылдау" туралы 3.01.04-87 қолданылып жүрген қүрылыс нормалары мен ережелерінің 4.17 тармағынсыз қабылдауы;
- түрғын үйлер мен әлеуметтік саланың инженерлік коммуникацияларын мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындардың балансына беру бөлігіндегі пайдаланушы кәсіпорындардың балансына беру бөлігіндегі "Түрғын үй-коммуналдық шаруашылықты монополиядан алу және түрғын үй-коммуналдық қызметтерін көрсету үшін есеп айырысуларды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 мамырдағы 587, "Заңды түлғалардың әлеуметтік сала обьектілерін жергілікті атқарушы органдарға кезең-кезеңімен беру бағдарламасын бекіту туралы" 1996 жылғы 4 шілдедегі 844 және "Республиканың электрэнергетика және энергия түтыну обьектілерін 1996-1997 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде тұрақты жұмыс істеуге даярлау жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 12 шілдедегі 900 қаулыларын орындау бұрмаланған жағдайда инженерлік коммуникациялардың бір бөлігін ешкімнің де пайдаланбауы, халыққа қызмет көрсетудің сапасының және көлемінің төмендеуіне әкеліп соқты.
Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Аудандар және қалалар әкімдері:
1.1. Мемлекеттік комиссияларға түрғын үй және әлеуметтік мәдени- тұрмыстық обьектілерді пайдалануға қабылдау кезінде сыртқы инженерлік коммуникацияларын алдын ала мамандандырылған пайдаланушы ұйымдардың балансына бергізбей тұрып қабылдауға тиым салсын;
1.2. Бұрындары пайдалануға қабылданған тұрғын үй және әлеуметтік сала обьектілерінің инженерлік коммуникацияларын (трансформаторлық подстанциялары мен сыртқы электрмен жабдықтаудың электр желілерін, сумен жабдықтау және канализация, телефондандыру және жылумен жабдықтау желілерін мамандандырылған пайдаланушы ұйымдардың балансына беруге бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
1.3. Қалалар мен аудандардың мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары басшыларын тұрғын үй жөне әлеуметтік сала обьектілерінің сыртқы инженерлік коммуникацияларын кәсіпорындардың қызметіне сәйкес балансқа қабылдауға міндеттесін.
Тармақ 2
2. "Қостанай электржелілерін тарату компаниясы" ашық акционерлік қоғамына және "Оңтүстік электр желісі" акционерлік қоғамына тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыстық обьектілерін сыртқы электрмен жабдықтау желісінің балансына қабылдау үсынылсын.
Тармақ 3
3. Шешімнін орындалуына бақылау жасау Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментіне (В.Ф.Кочин) жүктелсін.