О закреплении и комплексном использовании рыбохозяйственных водоёмов Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру және кешенді пайдалану туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 26.02.2005 № 13 шешімімен. Қостанай облысының су айдыңдарын ұтымды пайдалану мақсатында, "Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 казандағы Заңының 14-бабына сәйкес және облыстық тендерлік комиссияның 1999 жылғы 9 қыркүйектегі шешімі негізінде ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Кешенді балық шаруашылығын пайдалану үшін мыналар бекітіліп берілсін: - Таран ауданындағы көлемі 119 гектар Большое Немецкое көлі "Смайлов" ЖШС; - Әулиекөл ауданындағы көлемі 153 гектар Кешкенкөл көлі Семиозер орман шаруашылығына; - Мендіқара ауданындағы көлемі 54 гектар Никитин, көлемі 20 гектар Михайлов тоғаңдары Боровской селолық округіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасына (В.И. Поддубный) жүктелсін.