О переименовании улиц поселка Жолымбет Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жолымбет кентінің көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына және Шортанды ауданының тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 05 мамырдағы № 3 шешіміне және Жолымбет кентінің тұрғындардың пікірімен санаса отырып, 2009 жылдың 30 сәуірдегі № 1 азаматтардың жиын хаттамасына сәйкес Жолымбет кентінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кентінде көшелерді қайта атау: Восточная көшесі - Қазыбек би көшесіне; Октябрьская көшесі - Есенберлин көшесіне; Карла Маркса көшесі - Мұқағали Мақатаев көшесіне; Пролетарская көшесі - Райымбек батыр көшесіне; Социальный городок көшесі - Наурызбай батыр көшесіне; Комарова көшесі - Ахмет Байтұрсынов көшесіне; 60 лет Октября көшесі - Төле би көшесіне; Западная көшесі - Дина Нұрпейісова көшесіне; Пионерская көшесі - Абылай хан көшесіне; Спортивная көшесі - Қабанбай батыр көшесіне; Терешкова көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесіне; Буденного көшесі - Әйтеке би көшесіне; Интернациональная көшесі - Ақан сері көшесіне; Калинина көшесі - Құрманғазы көшесіне; Мир көшесі - Бейбітшілік көшесіне; Орджоникидзе көшесі - Атамекен көшесіне; Амрина көшесі - Бәйтерек көшесіне; Киевская көшесі - Сәбит Мұқанов көшесіне; Коммунальная көшесі - Мағжан Жұмабаев көшесіне; Ленина көшесі - Оралхан Бөкей көшесіне; Крупская көшесі - Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен және оның бірінші ресми жариаланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. КЕЛІСІЛДІ: Шортанды ауданының «Мәдениет және тілдірді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Бартош