О порядке оформления ходатайств акима области на право осуществления лицензируемой деятельности по сбору и реализации лома, отходов черных и цветных металлов Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің қара және түсті металдар сынықтарын, қалдықтарын жинау мен сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыруға құқық беретін өтінішін рәсімдеу тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен.
Заңды тұлғалардың қара және түсті металдар сынықтарын, қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыруға құқық беретін облыс әкімінің өтініштерін рәсімдеу мәселесі жөніндегі арыз-шағымдарын қараудың біріңғай тәртібін белгілеу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің қара және түсті металдар сынықтарын, қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыруға құқық беретін өтініштерін рәсімдеу тәртібі туралы Ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аталған Ережеге бақылау жасау облыс индустрия, сауда және кәсіпкерлікті дамыту департаментіне жүктелсін.
Басқа 3. Облыс әкімінің қара және түсті металдар сынықтарын, қалдықтарын жинау мен сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыруға құқық беретін өтінішін рәсімдеу тәртібі туралы Ереже
Облыс әкімінің
1999 жылғы «1» қараша
шешіміне қосымша
Облыс әкімінің қара және түсті металдар сынықтарын, қалдықтарын жинау мен сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыруға құқық беретін өтінішін рәсімдеу тәртібі туралы Ереже
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің қара және түсті металл сынықтарын, қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыруға құқық беретін өтінішті (бұдан әрі - өтініш) заңды тұлғаларға облыс әкімі «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі заң Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы № 98 және 1999 жылғы 5 шілдедегі № 924 қаулыларымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, «Заңды тұлғалардың қара және түсті жөніндегі қызметін лицензиялау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 қаулысына сәйкес береді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министірлігі бекіткен нысандағы өтініш біліктілік деңгейі 1-тармақта тізімделген нормативті құжаттар талабына сәйкес заңды тұлғаларға беріледі.
Тармақ 3
3. Өтініш алу үшін заңды тұлға индустрия, көлік және коммуникациялар департаментіне қосымшаға сәйкес құжаттарды екі данасын ұсынуы керек.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың мазмұнындағы мәліметтердің шынайылығы мен толықтығы үшін жауап тартады.
Тармақ 4
4. Облыс индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті ұсынылған құжаттарды тексереді, жергілікті жерлерге шыға отырып, осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы № 98 және 1999 жылғы 5 шілдедегі № 924 қаулыларымен енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді ескере отырып.
Тармақ 5
5. Комиссия белгіленген мерзімде құжаттарды қарап, белгілі үлгіде рәсімделген қорытынды дайындайды.
Тармақ 6
6. Облыс индустрия, транспорт және коммуникациялар департаменті, комиссия қорытындысы негізінде энергетика, индустрия және сауда министрлігіне өтініш жобасын және облыс әкімі атына түсініктеме жазбахат дайындайды, олар облыс әкімі аппаратының кеңсесіне жіберіледі.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің өтініші комиссияның қорытынды қосымшасымен бірге екі дана болып рәсімделеді. Бірінші данасы қол қойғаннан кейін облыс индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті арқылы заңды тұлғаның өкіліне беріледі, екінші данасы облыс әкімі аппаратының кеңсесінде қалады.