Отдельные вопросы Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133 қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
Тармақша 2
2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 7
"7) Атом энергетикасы жөніндегі комитет;
Тармақша 8
8) Аэроғарыш комитеті";
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы; 27 мамырдағы N 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі N 968 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 1999 ж., N 34, 305-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 293-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.