Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 371 · қабылданған 12.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.05.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46785/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 371 ·12.06.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 371 · қабылданған 12.06.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
371
Қабылданған күні
12.06.2009
Көрсетілген редакция
07.05.2012 · қолданыстағы 46785_216164.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
07.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VR000082
ЭКБ идентификаторы
46785
Редакция идентификаторы
46785_216164
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:56

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурызындағы № 264 Қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурызындағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын іс жүзіне асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс қимыл Жоспарын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Нысаналы топтардағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік түріне байланыссыз кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ұйымдастырылады. (бұдан әрі- жұмыс беруші).

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс беруші ауданның жергілікті атқарушы органымен келісім-шарт негізінде құрады. Келісім-шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарының мерзімі мен қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.

5 5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төлеген жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген ең аз еңбекақының елу пайызы мөлшерінде жергілікті бюджет қаржылары есебінен жартылай өтеледі.

6 6. «Жол картасы» щеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топқа жататын азаматтардың орташа еңбек ақысы 30 000 теңгені құрайды, оның ішінде 15 000 теңге республикалық бюджеттен, 15 000 теңге жұмыс берушінің қаржысы есебінен.

7 7. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықтарына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топқа жататын азамат пен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек келісім шартымен анықталады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс жасаған жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныс түсу ретінде сай кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

9 9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

10 10. Қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінң орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.