Об охране нерестующей рыбы на рыбохозяйственных водоемах области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық балық өсiрiлетiн су қоймаларындағы уылдырық шашатын балықты қорғау туралы Облыстық балық өсiрiлетiн су қоймаларындағы уылдырық шашатын балықты қорғау мақсатында:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы, облыстық экология және биоресурстар басқармасы, облыстық iшкi iстер басқармасы /келiсiмi бойынша/ мынадай облыстың балық шаруашылығы су айдындарында уылдырық шашатын балықтарды қорғауды ұйымдастырсын: - Шардара су қоймасында 1998 жылғы 1 сәуiрден 20 мамырға дейiнгi мерзiмде; - су қоймасының оң жағалауындағы Амангелдi мүйiсiнен сол жағалаудағы /корей және Киров шығанағы арқылы/ "Лист" жартылай аралынан жағадан тереңге қарай 5 км қашықтықты ала отырып Арнасай шығанағына дейiнгi жерде; - Сырдария өзенiнiң су қоймаға құяр сағасынан Өзбекстан Республикасымен шекараға дейiнгi қашықтықта; - Бөген, Бадам, Қапшағай, Қошқорған су қоймаларында, Шошқакөл жүйелерiнде, Сырдария өзенi бойындағы көлдерде, Қызылкөлде 1998 жылдың 15 сәуiрде 31 мамырға дейiнгi мерзiмде.
Тармақ 2
2. Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Созақ, Шардара аудандарының әкiмдерi облыстың су қоймаларында балық шаруашылығындағы уылдырық шашатын ұыймдастыруға, әзiрлеуге және оларды өткiзуге нақты көмек көрсетсiн.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы Шымкент Балық және Шардара акционерлiк қоғамдары, облыстық аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамы, облыстық iшкi iстер басқармасы /келiсiмi бойынша/: - балықтар уылдырық шашатын жерлерде және негiзгi уылдырық шашатын орындарға тәулiк бойы кезекшiлiктi; - балық аулауға салынған тыйымды бұзудың алдын алу бағытында рейдтердi; - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты уылдырығын шашатын балықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстардың барысы туралы ұдайы хабардар етiп отыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Шымкентбалық" акционерлiк қоғамына үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрiнен 20 мамырға дейiнгi кезеңде Сырдария өзенiндегi Бозсу өзенiнiң құйылысынан "Вороний" аралына дейiнгi учаскеде iрi ұялы торлы ЭЛУ-м қондырғымен дөңмаңдай және жайын балығын арнайы аулауға рұқсат берiлсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық су ресурстары жөнiндегi комитет, Шардара су электр стансасы жаппай уылдырық шашатын кезеңде Шардара және Бөген су қоймаларында судың тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететiн шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. Шағын кемелер инспекциясы үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрiнен 20 мамырына дейiнгi мерзiмде Шардара, Бөген, Бадам, Қапшағай, Қошқорған су қоймаларында су жайылатын учаскелерде азаматтардың жеке пайдалануындағы моторлы қайықтармен басқа да жүзу құралдарының қозғалысын тоқтатуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары С.О. Тұрбековке жүктелсiн.