Об установлении водоохранных зон и полос реки Тобол, Амангельдинского водохранилища и реки Тогузак на участках под строительство объектов, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры ________________ Г. Естекбаев "Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ М. Дихаев "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекция" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ Г. Оспанбекова "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті" мемлекеттік мекемесі Қостанай филиалының бастығы ________________ А. Кәрімов
Басқа 4. Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу
Әкімдіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 233 қаулысына 1-қосымша Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Р/с № Су объ­ек­ті­сі, оның учас­ке­сі Су қор­ғау ай­ма­ғы Су қор­ғау бел­де­уі Ор­та­ша көп жыл­дық су­дың са­ба­лық ке­ме­рі ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, ұзынды­ғы (метр) ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, ала­ңы (гек­тар) ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, ені (метр) ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, ұзынды­ғы (метр) ала­ңы (гек­тар) Ені (метр) 1. То­был өзе­ні, Қо­ста­най қа­ла­сы, Пи­о­нер­ская кө­ше­сі, 57 ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан бұ­рын­ғы ба­ла­лар те­мір­жол ғи­ма­ра­тын жыл­дам қыз­мет көр­се­те­тін ас­ха­на­ға ре­кон­струк­ци­я­ла­у­ға бө­лін­ген жер учас­ке­сі ше­гін­де 40 2,64 660 40 1,484 100 126,20 2. То­был өзе­ні, Қо­ста­най қа­ла­сы, Га­шек кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан шаң­ғы және су ту­риз­міне ар­нал­ған де­ма­лыс ба­за­сы 100 1,48 145-160 100 0,8 80 127,40 3. То­был өзе­ні, Қо­ста­най қа­ла­сы, Аман­гел­ді тұр­ғын үй ала­бы, Энер­ге­тиктер кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан тұр­ғын үй 40 1,12 250-310 40 0,080 20 128,69 4. То­был өзе­ні, Қо­ста­най ауда­ны­ның Ми­чу­рин ауыл­дық окру­гі ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан де­ма­лыс ба­за­сы­ның жер учас­ке­сі ше­гін­де­гі тех­но­ген­дік су қой­ма­сы 150 15,0 1000 150 0,3 20 126,95 5. То­был өзе­ні, Қо­ста­най қа­ла­сы ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан «Ақ-Ша­ңы­рақ» де­ма­лыс ай­ма­ғы 275 27,5 1000 275 0,5 20 125,75 6. То­был өзе­ні, Қо­ста­най қа­ла­сы, Реч­ная кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан үй-жай тү­рін­де­гі тұр­ғын үй­лер то­бы 225 6,69 250 - 330 225 2,25 100 127,77 7 Тобыл өзені, Денисов ауданының Глебовка ауылы аумағында орналасқан цемент зауыты құрылысына арналған учаскеде және Шекібай цемент шикізаты кен орнының Шекібай учаскесінің әктасын өндіруге арналған карьер құрылысы № 1-4750 учаске № 2-600 учаске 475,0 60 1000 1000 4750 600 47,5 6,0 100 100 209,23 209,23 8. То­был өзе­ні, Қо­ста­най қа­ла­сы, 4- ша­ғын аудан ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған № 316, № 319 учас­ке­ле­рі 68 3,0 401,4 - 480,0 68 0,68 100 121,8 9. То­был өзе­ні Қо­ста­най қа­ла­сы, Ми­чу­рин кө­ше­сі, 88/4 ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан тұр­ғын үй 23,7 0,78 324,0- 335,1 23,7 0,237 100 123,26 10. То­был өзе­ні Қо­ста­най қа­ла­сы, Га­шек кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан шаң­ғы және су ту­ри­зі­міне ар­ңал­ған де­ма­лыс ба­за­сы 80 3,84 460 - 500 80 0,8 100 126,47 11. То­был өзе­ні Қо­ста­най қа­ла­сы, Аман­гел­ді тұр­ғын үй ала­бы, Энер­ге­тиктер кө­ше­сі 6 және 7 ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан екі тұр­ғын үй 70,8 4,26 601,4 70,8 0,71 100 128,69 12. То­был өзе­ні Қо­ста­най ауда­ны Ми­чу­рин ауыл­дық окру­гі ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан «ФЛУ­Е­РАШ» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гіне ти­ісі­лі жер учас­ке­сі 1580 108,3 50 – 1000 1470 15,5 100 126,6 13. То­был өзе­ні Қо­ста­най ауда­ны­ның Ми­чу­рин ауыл­дық окру­гі ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан «Дау­лет» ша­руа қо­жа­лы­ғы­на ти­ісі­лі жер учас­ке­сі 1470 147,0 1000 1470 14,7 100 125,75 14. Аман­гел­ді су қой­ма­сы Қо­ста­най қа­ла­сы, Аман­гел­ді тұр­ғын үй ала­бы, Руд­нен­ский кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан өн­ді­рі­стік және әкім­ші­лік-ша­ру­а­шы­лық ғи­ма­рат­тар­ды қай­та жаң­ғыр­ту­ға бө­лін­ген жер учас­ке­сі ше­гін­де 160 13,13 825-945 160 1,6 100 131,5 15. Аман­гел­ді су қой­ма­сы Қо­ста­най қа­ла­сы, Аман­гел­ді тұр­ғын үй ала­бы, Мир кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған № 1 учас­ке 30 2,5 832 30 0,30 100 131,5 16. То­ғұ­зақ өзе­ні Қа­ра­ба­лық ауда­ны На­деж­дин­ка ауы­лы ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан құ­ры­лыс та­сы кен ор­нын әзір­леу 435 35,1 807,5 435 4,35 100 156,0 17. То­был өзе­ні Қо­ста­най ауда­ны Ми­чу­рин ауыл­дық окру­гі ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан «С.М. Ель­чи­щев» ша­руа қо­жа­ла­ғы мен «Ла­гу­на» спорт­тық-ту­ри­стік ба­за­сы жер учас­ке­сі ше­гін­де 365 18,25 500 365 2,88 34-90 127,77
Басқа 5. Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Әкімдіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 233 қаулысына 2-қосымша Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.