О применении контрольно-кассовых аппаратов с фискальной памятью при осуществлении денежных расчетов с населением Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықпен есеп айырысқанда тыңшы-зерделi бақылау-кассалық аппараттарын қолдану туралы Қазiргi уақыттағы есеп жүргiзу әдiстемелерiн енгiзу және бөлшек сауда айналымын бақылау, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қаңтардағы № 67 қаулысына сәйкес, халықты сапасыз тауар сатып алудан және сапасыз қызмет көрсетуден қорғау,табыстың салық салудан жасырылуын болдырмау мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкiмдерiне: - меншiк нысанына қарамастан барлық заңды тұлғаларды /оның iшiнде заңды тұлға құрмай-ақ сауда операциясын жүргiзушi немесе қызмет көрсетушi жеке тұлғалар/ олардың бөлiмдерi мен өкiлдiктерi сауда операцияларын жасағанда және қызмет көрсеткенде тыңшы-зерделi бақылау-кассалық аппараттарын қолданып тұтынушылардың қолдарына ақша төлегендiктерi туралы төлем чектерi берiлуiн мiндеттесiн; - тауар сату және қызмет көрсету жөнiнде тұрақты сауда орны жоқ жеке тұлғалар бақылау-кассалық аппараттарын қолданудан босатылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитетiне /Крипулевич/: - ұйымдардың тұрған жерлерiндегi салық органдарында бақылау-кассалық аппараттардың толығымен тiркеуге алынуын қамтамасыз ету ұсынылсын; - мемлекеттiк тiзiмге қосылмаған тыңшы-зерделi бақылау кассалық жасанды аппарат үлгiлерiнiң өнiп кетуiне және таратылуына жол берiлмесiн; - барлық заңды және жеке тұлғалар халықпен есеп айырысқанда тыңшы зерделi бақылау-кассалық аппараттарды дұрыс пайдаланғандығын бақылаулары үшiн, салық қызметкерлерi оқытылып үйретiлсiн; - Қазақстан Республикасы көлемiнде пайдалануға рұқсат етiлген тыңшы-зерделi бақылау-кассалық аппараттар үлгiсi, оларды қолдану ретiнде тәртiп бұзылғанда салынатын айыппұл туралы заңды және жеке тұлғаларға мәлiмделiп, халыққа кеңiнен мағлұмат берiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В. Колесниченкоға жүктелсiн.