О создании "Областного фонда развития малого предпринимательства" и центров "Маркетинга и менеджмента" по принципу базовых инкубаторов развития предприятий малого и среднего бизнеса Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын және орта бизнесті дамытудың базалық инкубаторлары принципі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті дамытудың облыстық қорын», «Маркетинг және менеджмент» орталықтарын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын жүзеге асыру мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 25 наурыздағы № 77 өкімін атқаруда, облыс әкімінің 1997 жылғы 20 наурыздағы № 3-82а шешіміне және шаралар жоспарына сай: тұрғындардың еңбек белсенділігін дамыту, нарықты товарлармен толтыру, қолайлы инвестициялық климат жасау, мемлекеттік ресурстарды кредитке беруді азайту, мемлекеттік меншікті пайдаланудың нәтижелілігін және шағын кәсіпкерлікті дамытудың мониторингін есепке алу жөніндегі жұмыстың деңгейін көтеру мақсатында облыс Әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі комитет (Карепин А.Н.) шағын және орта бизнесті дамытудың базалық инкубаторлары принципі бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және өнімінің өткізілуін ескере отырып, облыстық, аудандық "Маркетинг және менеджмент" орталықтарын құрсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының әкімдері облыс әкімінің шараларын жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралар мен заң шешімдерін барынша жедел қабылдау үшін кіші кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі комитеттің аудандық бөлімдерін құруға штат бірлігін, ғимарат бөлсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық (Құрмашев Қ.Қ.) жекешелендіру жөніндегі (Мәлібеков К.А.) комитеттер пайдаланылмай тұрған денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру объектілерін, өндірістік ғимараттар мен аумақтарды "Маркетинг және менеджмент" орталықтарына өндіріс ұйымдастыру үшін берсін (сатып алу құқымен жалға беру, басқаруға беру, лизинг т.б.). Аукциондарда сатылмаған және пайдаланылмаған акциялардың мемлекеттік пакетін "Маркетинг және менеджмент" орталықтарының сеніп басқаруына берсін.
Тармақ 4
4. Салық басқармасы салық төлеуші заңды тұлғаның қарыз болуына байланысты салық қызметінің органдары хаттаған мүлікті неғұрлым пайдалы сату және пайдалану мақсатында сатылмаған мүлікті шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру үшін (сатып алу құқымен жалға беру, лизинг негізінде т.б.) "Маркетинг және менеджмент" орталығымен өзара іс-қимыл жүйесін әзірлесін.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармасына (Тухтамов Р.Р.) шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін облыстық соттан сатылмаған, іске асырылмаған (тәркіленген, алып алынған) мүлік пен товарларды "Маркетинг және менеджмент" орталықтары арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, ақшаны облыс бюджетіне аударта отырып беруді сұрау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Комитеттер мен басқармалардың басшылары бюджеттік қаржыны ұтымды және өз мақсатында пайдалану үшін қаржы басқармасының (Тәжібаев Қ.Қ.) бақылауымен бюджеттік ұйымдарды қажетті азық-түлікпен, материалдармен, жабдықтармен, және басқа товарлармен қамтамасыз ету жүйесін әзірлесін және енгізсін. Мемлекеттік қолдау мақсатында тапсырыстарды конкурстық негізде "Маркетинг және менеджмент" орталықтары арқылы облыстың шағын және орта бизнес кәсіпорындарына берсін.
Тармақ 7
7. Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі комитет (Карепин А.Н.) төмендегілерді құрсын: - түрлі ұйымдастыру көздерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі "Қаржы менеджменті" қорын. Қордың қаржысын өзінің шағын өндірісін ең әуелі жергілікті шикізатпен дамытушы және бірінші қажеттегі товарлар шығарушы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағыттасын; - облыс кәсіпкерлер біріктіру жөніндегі қоғамдық ұйым.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің атқарылуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.