Құжат мәтініне өту

Азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы

Қаулы · № 153 · қабылданған 22.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.02.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46987/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 153 ·22.06.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы

ҚАЗАзаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 153 · қабылданған 22.06.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
22.06.2009
Көрсетілген редакция
25.02.2013 · қолданыстағы 46987_216954.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CK000064
ЭКБ идентификаторы
46987
Редакция идентификаторы
46987_216954
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:54

0 Азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағын және Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 «Мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын жалдау ақысының есебінің әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан аумағында азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлейтін жалдау ақы мөлшері – тұрғын үйдің жалпы пайдалы көлемінің 1 (бір) шаршы метрі үшін – ай сайын 80,6 теңге болып белгіленсін.

2 2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.