Об утверждении Правил использования средств резервного фонда Күшін жойған
Басқа 0
Резервтік қор қаржысын пайдалану Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 09.03.2005 N 1/129 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтегі қаржыны пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 Қаулысын жүзеге асыру және қала Әкімінің резервтік қор қаржысын орнымен жұмсау мақсатымен қала Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Қала Әкімінің резервтік қорын пайдалану жөнінде ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала Әкімінің "Резервтік қор қаржысын пайдалану Тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 10 ақпандағы N 111 шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржы басқармасы Әкім аппаратының заң бөлімімен бірлесе отырып, қала Әкімінің бұрын қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің осы шешіммен сәйкестендірілуі жөнінде ұсыныс енгізсін.
Басқа 4
Қала Әкімінің 1999 жылғы
18 қазандағы N 978
шешімімен бекітілді
Қала Әкімінің резервтік қорын
пайдалану жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Алматы қаласы Әкімінің резервтік қоры қаржысын бөлу және пайдалану тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
қала Әкімінің резервтік қоры - тиісті қаржы жылында қала бюджетінде көзделген және бір жолғы сипаттағы тұтқиылдан болған шығындарды қаржыландыру үшін қала Әкімінің шешімі мен өкімі бойынша бөлінетін қаражат;
күтпеген шығындар - алдын ала болжау қиын болғандықтан ағымдағы қаржы жылында қала бюджетін қалыптастыру кезінде жоспарлауға мүмкін болмаған және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз қаржыландыруды қажет ететін шығындар;
қала Әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қала Әкімінің резервтік қоры құрамындағы қаржы - қала Әкімінің резервтік қоры құрамында көзделген және сот шешімі бойынша қала Әкімі мен жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаржы;
қала Әкімінің резервтік қоры қаржысын алушы - жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі немесе қала ауданының әкімі.
Тармақ 2
2. Қала Әкімінің резервтік қоры қаржысы есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы күтпеген шығындарға мына шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға енетіндер:
- төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
- уақытша тұру пункттерін құру және ұстау мен зардап шеккендерді тамақтандыру;
- төтенше жағдайдағы апаттан құтқару және қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен қосымша жарақтандыру;
- төтенше жағдайлар аумағында тасымал күштерімен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) сот шешімі бойынша қала Әкімінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу.
Қала Әкімінің резервтік қоры қаржысы басқа шығындарды қаржыландыруға бөлінбейді.
Тарау 2. 2. Қала Әкімінің резервтік қоры қаржысын
өтеу және пайдалану тәртібі
2. Қала Әкімінің резервтік қоры қаржысын
өтеу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Қала Әкімінің резервтік қорынан қаржы бөлуді заңмен белгіленген тәртіпте жүргізілген қаржыландыруды ашу жолымен тиісті қаржы жылында осы мақсатқа жергілікті бюджет шығысы құрамында бекітілген мөлшер шегінде, қала Әкімінің шешімі немесе өкімі негізінде Қаржы басқармасы жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаржы көлемі мен оны пайдалану мақсаты, сондай-ақ қайтарым негізінде қаржы бөлінген жағдайда оны беру және мерзімінде қайтару шарты көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Қала Әкімінің резервтік қоры қаржысы қатаң түрде мақсатты іске жұмсалады және осы Ереже мен қала Әкімінің резервтік қор қаржысынан бөлу туралы шешімі немесе өкімінде көзделген қажеттілікке пайдаланылуы тиіс.
Тармақ 5
5. Қала Әкімінің резервтік қорынан қаржы бөлу туралы қала Әкімінің шешімі немесе өкімін әзірлеу кезінде мына жағдайлар ескеріледі:
- ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджетте қаржыландырудың болмауы;
- ағымдағы қаржы жылында қала Әкімінің резервтік қоры қаржысының қажеттілігі туындауы және оған деген сұраным сот шешімі бойынша қала Әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларынан өзге, алушының бұрынғы міндеттемесімен байланысты еместігі.
Тармақ 6
6. Қала Әкімінің резервтік қорынан қаржы бөлу туралы қала Әкімінің шешімі немесе өкімі жыл аяғына дейінгі тиісті шешімі мен өкімінің негізінде күшін жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюға қаржы бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюға қаржы бөлу
Тармақ 7
7. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда қала Әкімінің резервтік қорынан қаржы бөлу туралы өтініш береді. Бұл орайда қала Әкімінің резервтік қоры қаржысы есебінен жергілікті масштабтағы төтенше жағдайларды жою жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Негізделген материалдар беру тәртібін және олардың тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма айқындайды.
Тармақ 9
9. Жергілікті масштабта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туа қалған жағдайда Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма заңмен белгіленген тәртіпте қала Әкімінің атына төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы шешім немесе өкім жобасын ұсынады.
Тарау 4. 4. Сот шешімі бойынша қала Әкімі мен жергілікті атқарушы
органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
4. Сот шешімі бойынша қала Әкімі мен жергілікті атқарушы
органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 10
10. Сот шешімі бойынша қала Әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың істі орындату жөніндегі құжаттары болған жағдайда қала Әкімінің резервтік қоры қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Қала Әкімінің міндеттемесін өтеуге қала Әкімінің резервтік қорынан қаржы бөлу туралы қала Әкімінің шешімі немесе өкімі жобасын заңмен белгіленген тәртіпте Қаржы басқармасы әзірлейді.
Тармақ 12
12. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемесін өтеуге қала Әкімінің резервтік қорынан қаржы бөлу туралы қала Әкімінің шешімі немесе өкімі жобасын заңмен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы орган дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 13
13. Қала Әкімінің резервтік қорынан бөлінген қаржыны алушылар Қаржы басқармасы белгілеген тәртіп және мерзімде оның жұмсалуы, орындалған жұмыс көлемі мен құны жөнінде есеп тапсыруы тиіс.
Тармақ 14
14. Қаржы басқармасы қала Әкімінің резервтік қоры қаржысының жұмсалуы және тиісті кезеңде қалғаны туралы қала Әкімі аппаратына ай сайын ақпарат береді.
Тармақ 15
15. Алушы қала Әкімінің резервтік қорынан бөлінген қаржыны орнымен жұмсамағаны үшін Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте жауап береді.
Тармақ 16
16. Қала Әкімінің резервтік қоры қаржысының орнымен пайдаланылуына бақылау жасауды Қаржы басқармасы жүзеге асырады.