О присвоении наименования микрорайон "Болашак" вновь построенному микрорайону коттеджных домов по улице Клубной в городе Макинск Буландынского района Акмолинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының Клубная көшесінде коттедждік үйлерден қайта салынған шағынауданға "Болашақ" шағынауданы атауын беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 12-бабының 5-1 тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылғы 3 маусымдағы шешіміне сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының Клубная көшесінде коттедждік үйлерден қайта салынған шағынауданға «Болашақ» шағынауданы атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Қаулы мен шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұланды аудандық мәслихатының 18-сессиясының төрағасы С.Ержанов Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы П.Веселов